«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірде «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша тұңғыш нәресте дүниеге келді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашқы сәби – қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, босанған жас ана 1985 жылы туған, Петропавл тумасы. Қазір жансақтау бөлімшесінде жатыр. Сәбиінің жағдайы жақсы, 3 келі 300 гр салмақпен дүниеге келді.

«Қазіргі уақытта 103 жүкті әйел есепте тұр. Бағдарламаға қатысқан тағы бес әйел нәтижесін күтуде. Жалпы 2021 жылы «Аңсаған сәби» президенттік бағдарламасы бойынша 217 квота бөлінді», – делінген хабарламада.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp