«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БИ – ҚҰДІРЕТТІ ӨНЕР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының “Sensitive” балдық би ансамблі Хургадада би өнерінен өткен әлемдік додада бас жүлдеге ие болды.

Аталмыш театрдың директоры Біржан Жалғасбаевтың айтуынша, өнерпаздар қазір Египетте. Елге 14 қаңтар күні оралады. Халықаралық байқау-фестивальде біздің өңірден барған сегіз биші өнер көрсетті. Бұған дейін Италия, Испания, Болгария мен тағы басқа елдерде болған “Sensitive” балдық би ансамблі  бүгінде әлемдік сахналарды бағындырып, өңір намысын абыроймен қорғауда. Қандай байқауға қатысса да, қоржындары бос қайтқан емес. Еліміздің мәдени, рухани өміріне белсенді араласып, биік белестерді бағынды­рып жүрген өнерпаздардың жетістіктері жерлестерімізге қуаныш сыйлауда.

Ақмарал  ЕСДӘУЛЕТОВА,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp