«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Коронавирус жұқтырған 25 адам жансақтау бөлімшесінде жатыр

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған 187 адам инфекциялық стационарларда ем алып жатыр, 25-і ауыр халде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өңірде коронавирус бойынша жағдай әзірге қалыпты. Өткен тәулікте 25 адамда КВИ анықталды. Қазір инфекциялық стационарларда 187 сырқат ем алып жатыр. Олардың 132-сі медициналық оттегіге тәуелді. 25 адамның жағдайы ауыр, жансақтау бөлімшелеріне орналастырылған. Ауырғандардың 99 %-ы – вакциналанбағандар.

Жалпы СҚО-да осы күнге дейін 257 мыңға жуық адам вакцинация курсынан өтті. Емханалардағы екпе кабинеттері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істеп жатыр.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Pfizer вакцинасының бірінші компонентін 6 891 адам алды, толық курстан 4 129 жасөспірім, жүкті және емізулі баласы бар келіншек өтті. Ал ревакцинацияға 37 мыңға жуық адам келген.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp