Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға барды. Ақпаратты Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Президент Алматыда екенін растаймыз. Ол Алматыда өткен жедел штаб отырысына қатысты. Сондай-ақ қаза болған полиция қызметкерлері, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарымен кездесу өтті. Президент көңіл айтып, наградалар табыстады», деді Берік Уәли.
Баспасөз хатшысының айтуынша, Мемлекет басшысы жедел басқару орталығында жатқан зардап шеккендерге барып, олардың хал-жағдайын білген.
https://egemen.kz/