«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Солтүстік Қазақстан университеті «Arizona» университетіне сенімгерлік басқаруға берілмек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2025 жылға қарай шетелдік 5 жоғары оқу орнының филиалдарын ашу туралы Президент тапсырмасы қалай іске асатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз беделді шетелдік университеттердің филиалдарын ашу жұмыстарын бастап кеттік. Қазіргі уақытта елімізде «De Montfort Leicester» университетінің филиалы жұмыс істей бастады. Халықаралық үлгідегі диплом беріледі. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Arizona» университетіне сенімгерлік басқаруға беру мәселесі қарастырылуда. Қазіргі уақытта «Arizona» университетімен бірге меморандум жасадық», – деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол еліміздің батыс өңірлерінде екі шетелдік техникалық университеттің филиалдары ашылатынын еске салды.

«Сондай-ақ, техникалық бағыттар бойынша Ресейдің үздік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу бойынша келіссөздерді бастап, жүргізіп жатырмыз және арнайы үкіметарлық келісім дайындадық», – деді министр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің кешегі жалпы отырысында осындай тапсырме берген болатын.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp