«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАР ҮСТІНДЕ ЖАТҚАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

«Петропавл-Есіл» тасжолындағы кезекшілікке бет алған патрульдік полиция батальонының экипажын тоқтатқан адамдар жолдың жиегінде ер адамның жатқанын  айтқан. Полицейлер қар үстінде жатқан жігітті байқаған. Тәртіп сақшылары тоңып қалған, жаяу жолға шыққан ер адамды патрульдік көлікке отырғызып, жедел жәрдемді шақырады. Дәрігерлер мас күйдегі 29 жастағы қала тұрғынын медициналық мекемеге жеткізді. 

Былтыр спирттік ішімдікті ішкені және қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін 11 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті

ішкі және сыртқы коммуникациялар

бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp