Облыста бір отбасы президенттік бағдарлама аясында көптен күткен сәбиін бауырына басты. Өңірде «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашқы нәресте – қыз бала дүниеге келді.
Сүйінші хабарды облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары жеткізді. Мамандардың мәліметінше, босанған жас ананың жасы 36-да, Петропавл қаласының тумасы. Қазір келіншек жансақтау бөлімшесінде жатыр. Сәбидің жағдайы жақсы, қыз бала 3 келі 300 грамм салмақпен дүниеге келді.
«Қазіргі уақытта 103 жүкті әйел есепте тұр. Бағдарламаға қатысқан тағы бес әйел нәтижесін күтуде. Жалпы 2021 жылы «Аңсаған сәби» президенттік бағдарламасы бойынша 217 квота бөлінді», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Қалиева.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
«Soltüstık Qazaqstan».