«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛАПҚА БАҒЫНБАҒАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Төтенше жағдай режімі кезінде ел аумағында спирттік ішімдіктерді сатуға тыйым салынды. Осыған қарамастан, кейбір сауда нүктелері алкоголь сатуын тоқтатпаған. Петропавл қаласында осындай құқық бұзушылық жасаған бес дүкен, Шал ақын ауданында тағы екі сауда орны анықталды. 

– Біздің өңірімізде жағдай қалыпты, алайда құқықтық тәртіп бұзушылықтарына ықпал ететін алғышарттарға жол бермеу қажет. Жалпы халықтың барлық шектеу шараларына түсіністікпен қарайтынына сенімдімін. Олар қазіргі уақытта қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету маңызды екенін жіті түсінеді, – дейді Солтүстік Қазақстан облысының коменданты, полиция генерал-майоры Марат Төлебаев.

Бес күннің ішінде облыс аумағында Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша төтенше жағдай режімін бұзғаны үшін 85 адам ұсталды, олардың басым бөлігі түнгі сағат 23-тен таңғы сағат 7-ге дейін коменданттық сағат талабын сақтамаған.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті

ішкі және сыртқы  коммуникациялар

бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp