«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰБТ ӨТКІЗУ УАҚЫТЫ ШЕГЕРІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елдегі жағдайға байланысты оқушылардың қысқы демалысы тағы бір аптаға – 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Ал балабақшалар мен шағын орталықтар қалыпты режімде жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдары, психологиялық-медициналық-педогогикалық кеңестер, түзету кабинеттері де штаттық форматта жұмыс істеуін жалғастыруда. Төтенше жағдайға байланысты ұлттық бірыңғай тестілеуге өтініштерді қабылдау және тіркеу мерзімі қаңтардың 24-не дейін шегерілді. Түлектердің тарапынан маңызды сынаққа қатысуға 1697 өтініш келіп түсті. Облыстық білім басқармасының жетекшісі Нәзір Жәшібековтің айтуынша, тест қаңтардың 25-і мен ақпанның 22-сі күндері аралығында өтеді.

– Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты қосымша ақпаратты білім басқармасының ресми сайтынан немесе әлеуметтік желідегі парақшаларынан алуға болады. Бұған қоса, қажетті мәліметтер басқарманың call-орталығында да орналастырылған. Қазірдің өзінде қызыл желімізге 5 сауал жолданды. Олардың әрқайсысына мамандарымыз тұщымды жауап берді, – дейді Нәзір Жәшібеков.

Әсел ОРАЗБАЕВА,

облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp