«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Қаңтар 14, 2022

Экспортқа шектеу

Облыстық кәсіпкерлер палатасы үстіміздегі жылғы 12 қаңтардан бастап Қазақстаннан Ресей Федерациясына жануарларды және мал өнімдерін экспорттауға уақытша шектеу енгізгенін хабарлады.

ҰСТАНҒАН БАҒЫТЫМЫЗ АЙҚЫН

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты халыққа арнаған Жолдауындағы “саяси жаңғыруды біртіндеп жүзеге асыру – мемлекетіміздің стратегиялық бағдарының басым міндетінің бірі” деген пайымы “Нұр Отан” партиясының ұстанған бағытымен үндес, мәндес. “Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір” атты сайлауалды бағдарламасы қабылданған съезде партияның саяси тұғырнамасында көрініс тапқан құндылықтардың …

ҰСТАНҒАН БАҒЫТЫМЫЗ АЙҚЫН Read More »

Жол — экономиканың күретамыры

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының алқа мәжілісіне қатысып, талқыланған мәселелер бойынша бірқатар міндеттер қойды.

Түтіннен уланды

Облыста соңғы бір аптаның ішінде 12 өрт оқиғасы тіркел­ді. Абырой болғанда адам өлімі тіркелмеді.

Қарды жол жиегіне төккен

Қыс басталғалы қаладан 50 мың текше метр қар шығарылған. Күндіз тұрғындарға кедергі келтірмеу үшін коммуналдық мекемелердің жұмысы, әсіресе түнгі уақытта қызады. Бұл үшін 100-ге жуық техника жұмылдырылған.

ӨРТСӨНДІРУШІНІҢ ӘЛЕМІ

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Дмитрий Растихинді әріптестері мен таныс-туыстары өрт сөндіру көліктерін жинаушы ретінде де жақсы біледі. Оның ойыншық машиналарды жинаумен әуестенгеніне бес жылдан асқан. Осы аралықта топтамасында өрт сөндіру көліктерінің 90-ға жуық кішірейтілген нұсқасы пайда болды. Коллекцияда жергілікті шебердің қолынан шыққан машиналар да бар.

ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ӘЛЕУЕТІ бәйгеге ақсақ ат қосқанмен тең

Қазақстан Тәуелсіз ел атанып, еңсесін көтерген 30 жыл ішінде спортшыларымыз талай белесті бағындырды. Түрлі әлемдік додаларда, Олимпиада ойындарында сан мәрте көк Туымыз желбіреп, Әнұранымыз шырқалды. Әр байрақты бәсекені есепке алып саралап көрсек, жеңістеріміздің басым бөлігі – жазғы спорт түрлеріне тиесілі. Өкінішке қарай, қысқы түрлері кенже қалған, насихаты тө­мен спорттардың қата­рына кіре­ді. Тіпті биік шың­­ды бағындырған …

ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІНІҢ ӘЛЕУЕТІ бәйгеге ақсақ ат қосқанмен тең Read More »

ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫ

Облыстық перинаталдық орталық жаңа флюорографиялық қондырғымен толықты. Заманауи құрылғының көмегімен ақ халатты абзал жандардың жұмысы жеңілдей түспек.

Блокпостар арқылы 31 мыңға жуық көлік өткен

Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап осы күнге дейін 31 мыңға жуық көлік өткен. 500-ге жуығының өтуіне тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Балалар арасында тұмауға шалдығу жиіледі

Солтүстік Қазақстан облысында былтыр тұмаумен ауыру жағдайы тіркелмесе, биыл эпидемиологиялық маусым басталғалы 29 адам дәрігердің көмегіне жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.