«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлда рұқсат құжаттары жоқ алкоголь және темекі өнімдері тәркіленді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы қоймалардың бірінен лицензиясы жоқ, шыққан жері белгісіз 520 литр спирттік ішімдік және 259 блок темекі өнімі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, рұқсат құжаттары жоқ өнімді Петропавл полицейлері қаланың Бостандық көшесіндегі қоймалардың бірінен тапқан. Лицензияланбаған спирт қосылған сұйықтық пластик бөтелкелерде сақталған. Сондай-ақ шыққан жері белгісіз акциздік маркасы жоқ темекі өнімі де анықталды. Тексеру барысында тауар облыс орталығының 36 жастағы тұрғынына тиесілі болып шықты. Нәтижесінде 520 литр алкоголь бар сұйықтық, сондай-ақ 259 блок темекі тәркіленді. Сараптама тағайындалды.

Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Рустам Садуловтың айтуынша, құрамында спирт бар өнімдерді, сондай-ақ акциздік маркалары жоқ темекі өнімдерін сату және сақтау фактісі бойынша тауар иесіне қатысты әкімшілік материал жиналды. Баптың санкциясымен жеке тұлғаларға қатысты 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл көзделген. Жыл басынан бұл СҚО полицейлері тәркілеген лицензияланбаған алкогольдің ең ірі партиясы.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp