«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Абыройлы борыш

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұрын кәмелет жасқа толған бозбала әскерге барғысы келетін. Және оны мәртебе көретін. Бүгінде жастар азаматтық борышын өтеуден қашқақтайтын болды. Әйтеуір, соқталдай-соқталдай жігіттеріміз әскерге барудан қашып, медициналық комиссиядан өтпеудің түрлі амалдарын қарастырады. Олардың әскерге бармағаны үшін де намыстанып жатқан ата-ана, туған-туыс жоқ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Үндеуінде ішкі әскерге жас азаматтарды тарту қажеттігіне баса көңіл бөлді. “Армия қатарында қызмет ету, құқық қорғау саласында жұмыс істеу – айырықша миссия”, – деді Президентіміз. Мұны өскелең ұрпақ түсіне білуі тиіс. Отан үшін от кешуге дайын болу жастардың мақтанышына, басты арман-мақсатына айналуы керек.

Біз еліміздің Тәуелсіздігімен мақтанамыз. Шетке шықсақ та Қазақстанның өркениетті ел­дер салған сара жолмен жүріп келе жатқан егемен ел екенін айтып, кеудемізді кереміз. Ал Тәуелсіздікті қорғауға келгенде әлсіздік таныта­ты­нымыз қалай? Бұл дегеніміз бабалар амана­тына адалдық танытпау деген сөз емес пе? Сон­дықтан бұл мәселені тез арада шешу керек. Ол үшін жастардың ғана пікірін өзгерту аздық етеді. Түгел қоғам өзгеруі тиіс. Біз отансүйгіштік, ел­жан­дылық деген қасиеттерді еңбектеген ба­ладан еңкейген қарттардың бойларына батыл сіңі­ре білуіміз керек.

Алматы қаласында орын алған оқиға бәрімізді қан жылатты. Сырттан келген содырлар халық­ты іштен арандатып, Тәуелсіздігіміз бен бейбіт өмірімізге нұқсан келтіруге тырысты. Қабырға­мызды қайыстырып, іріткі салудан тайсалмады. Өкі­нішке қарай, қаншама тәртіп сақшысы мен сарбаз көз жұмды. Бұл оқиға жас жеткіншектер мен олардың ата-ана, туған туыстарын есеңгі­реткені анық. Дегенмен олардың ерлігі, лаңкес­терге қарсылық көрсеткен әрекеті ешқашан ұмы­тылмай­ды. Енді азаматтарымыз мұндай келеңсіз жайттарға дайын болуы шарт деп ойлаймын. Сондықтан жастарымызды әскери борышын өтеуге қалай ынталандыруға болатынын және отандастарымызды отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытында қыруар жұмыстарды атқаруымыз қажет. Президент өз сөзінде атап өткендей, “Біз – мықты халықпыз. Төл тарихымызда талай жау­гершілік заманды, ашаршылықты және басқа да алапат қиындықты бастан өткердік. Соңғы күн­дердегі қайғылы оқиғалар біз үшін тағы бір сынақ болды. Оны еңсеріп, бұрынғыдан да мықты бо­ламыз”.

Асқар ЖӘМЕНОВ,

“Тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың одағы” республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp