«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА ЖОЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің кеңейтілген отырысында жаңадан жасақталған Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Соңғы күндері елде болған қасіретті оқиғаға, бейбіт халықтың берекесін қашырған лаңкестердің арам пиғылдарына тоқтала отыра, бұдан кейін еліміздің ауызбіршілігімен, Тәуелсіздігін сақтап қалу жолында бар күш-жігерді сала жұмыс істейтіндерін атап өтті.

– Біз – мықты халықпыз. Төл тарихымызда талай жаугершілік заманды, ашаршылықты және басқа да алапат қиындықты бастан өткердік. Соңғы күндердегі қайғылы оқиғалар біз үшін тағы бір сынақ болды. Оны еңсеріп, бұрынғыдан да мықты боламыз, – деген Қасым-Жомарт Тоқаевтың оптимистік сөзі санаға сілкініс жасады. Қазақстан Президенті басшылық тағайындаулардан кейін бүкіл еліміз бойынша Конституциялық заңдылық орнатылуына талап қойды. Отырыста, әсіресе халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға баса көңіл бөлінді.

Ата-бабадан қалған асыл мұра ұлан-байтақ қазақ жерін, өз елімізді қадір тұтып, Тәуелсіздікті нығайту – баршамызға жүктелген абыройлы міндет. Президентіміздің Қазақстанды жаңа өзгерістерге бағыттау жолында алға қойған міндеттері халықтың көңілінен шығуда. Бізді жарқын болашақ күтуде. Ол үшін жаңа өзгерістермен еліміздің дамуы үшін аянбай еңбек етуге тиіспіз. “Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді” демекші, осы игі істердің ойдағыдай жүзеге асуына қол жеткізу үшін береке-бірлікте өмір сүріп, Президентімізге қолдау көрсетуіміз қажет.

Ғалия ЖҰМАҒҰЛОВА,

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы директорының міндетін атқарушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp