«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Үшінші балаға — үш миллион теңге

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Обухов кен-байыту комбинаты өз жұмыс­шыларына тұрақты әлеумет­тік қолдау көрсетуді жолға қойған.

Бейбіт Исабаев кәсіпорында үш жылдан бері жұмыс істейді. Жақында оның үшінші сәбиі дүиеге келді. Осынау қуанышқа комби­нат басшылығы да ор­тақтасып, байғазы ретінде үш миллион теңге аударды.

Жылына екі мың тоннадан астам концент­рат өндіретін кәсіпорын әлеуметтік жауапкер­шілік ұс­та­нымына адалдығын сан мәрте дәлелдеді. Ерек­ше атап өтетіні, отбасында тұңғы­шы дүниеге келсе бір миллион теңге, екінші балаға – екі миллион, ал үшінші балаға үш мил­лион теңге беріледі. Мұндай қаржылық қолдау Қазақстандағы бала санын кө­бейту секілді игі тілектен туған. Келешекте балабақ­ша ашып, тәжірибелі тәрбиешілерді тұрақты жұ­мыспен қамтамасыз етпек.

Комбинатта білікті кадрлар даярлауға да баса назар аударылып келеді. Қызметкерлер кәсіби ше­бер­лігін жетілдіру курстарында меке­менің қаражаты есебінен оқытылады. Олардың арасында жас­тар, ауыл тұрғындары бар. “Білімге ынтасы зор талапкерлер универ­ситет бітірді, кол­ледждерге түсті. Магистратура мен докторантурада оқуларына да қолдау жасаймыз”, – дейді серік­тестіктің атқарушы директоры Төрехан Алмасбаев.

Кәсіпорын қайырымдылық акцияларына да белсене қатысады. Соңғы жылдары бес отба­сы баспаналы болды.

Гүл НҰРАЛИНА,

журналист.

Тайынша ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp