«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫН КҮЗЕТУГЕ ДАЙЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында қоғам тыныштығын күзетіп, тәртіпті сақтау жолында еңбек етіп жүрген полицейлерге қатысты біраз мәселеге тоқталды. Оның бірі – сала мамандарының жалақысын көтеру.

Бұған дейін полиция қызмет­керлерінің мәртебесін көтеру мақсатында Мемлекет басшы­сы құқық қорғау органдарының жұмысына озық әдістерді пай­даланудың маңыздылығын атап өткен болатын. “Полиция қадамдық қолжетімділікте” қа­ғи­­датын енгізу арқылы оның мо­дульдік бекеттері желісін да­мы­­ту, полицияның жаңа учас­келік пункттерінің орналасуын оңтай­лан­дыру, бейнебақылау жүйе­сін көбейту жүзеге асыры­ла бас­тады. Қазіргі уақытта бұл бағыт­та өте белсенді жұмыс жүргізі­луде. Десе де Прези­дент осы тұр­ғыда жұмысты ши­ратып қана қоймай, тәртіп сақ­шыла­рының құқықтық қауіпсіз­дігін күшейту қажеттігіне назар ау­дарды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сө­зінде жаңа Үкімет басшысына күштік құрылымдардың мате­риалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде тиісті тапсыр­ма­лар жүктеді. Мәселен, өткен жылдың өзінде облыстық поли­ция департаментінің автопаркі 100-ден астам қызметтік көлік­пен толықты. Нәтижесінде жол сақшылары, ауылдағы учас­ке­лік полиция қызметкерлері оқиға орындарына жедел жетіп, ха­лықтың қауіпсіздігін қамтама­сыз етіп жатыр. Бұған қоса, бір орталықтан басқарылатын бей­небақылау жүйесі қалыптасты. Бүгіндері өңірде 1614, Петро­павлда 410 бейнебақылау қон­дырғысы орнатылды. Олар­дың көмегімен 25 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды.

Президенттің жаңа Қазақ­стан­ды құру бағытындағы тап­сырмалары мен міндеттерінің орындалуына, ел тыныштығын сақтауға әрбіріміз жауапты­мыз. Бұл ретте алда бізде үл­кен жұмыс күтіп тұр.

Айдос ІДІРІСОВ,

облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp