«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Колония аумағына бірнеше ұялы телефон кіргізбек болған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысындағы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕС-164/3 мекемесіне ұялы телефондар мен сим-карталар енгізбек болған көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, департаменттің ведомстволық бағынысты мекемелері тұрақты негізде колониялар аумағына тыйым салынған заттардың өтуіне жол бермеу мақсатында жедел-алдын алу іс-шараларын өткізеді. Осындай бір тексерістердің нәтижесінде ЕС-164/3 мекемесіне кірмек болған көліктің кабинасынан 3 ұялы телефон мен 2 сим-карта табылды. Түзету аумағындағы жеке кәсіпкерліктердің бірінің көлік жүргізушісі оны оны жазасын өтеп жатқандарға беруге алып өтпек болған.

Ер адам кінәсін мойындап, телефондарды сотталғандарға белгілі бір мөлшердегі сыйақыға бермек болғанын айтты. Ол өз еркімен тағы 1 ұялы телефон мен 2 сим-картаны берді.

Ұсталған ер адамға ҚР ӘҚБК 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Телефондар, сим-карталар мемлекет пайдасына тәркіленді.

Жалпы ЕС-164/3 мекемесі аумағында 3 жеке кәсіпкерлік субъектісі және 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмыс істейді.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp