«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавл көшесінде 5 көлік соқтығысты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда жүк көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жол-көлік оқиғасына себепші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасының бейнежазбасы жергілікті пабликтерде тарады. Бір жүк көлігі және төрт жеңіл машина, екі электр бағаны зақымданған жол апаты салдарынан Петропавлдағы Әуезов көшесінде бірер сағатқа жол қозғалысы қиындады.

«17 қаңтар күні Әуезов көшесінде жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 5 көлікке механикалық зақым келді және көше жарығының екі бағаны бүлінді.

Алдын ала анықталғаны, «ISUZU» жүк көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Салдарынан «Toyota Land Cruiser», «Toyota Mark II», «ГАЗ 53» және «Volkswagen» машиналарымен соқтығысқан. Сондай-ақ жүк көлігі шам бағандарын соққан.

Медициналық куәландыру көлік жүргізушісінің спирттік ішімдік ішпегенін көрсетті. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Нақты себебі әкімшілік өндірістің нәтижесіне қарай белгілі болады. Қазіргі уақытта зақымданған көліктер жолдан алынды. Әуезов көшесінде жол қозғалысы қалыпқа келді», – делінген Петропавл қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp