«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте 101 адам коронавирус жұқтырды, инфекциялық стационарларда 229 адам ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус жұқтырғандар саны артып келеді.

15 қаңтар «жасыл» аймақта болған өңір бүгін «қызыл» аймаққа өтті.

Ауырғандар саны шамамен төрт есе артып, өткен тәулікте коронавирус жұқтырудың жаңа 101 жағдайы тіркелді.

Қазір инфекциялық стационарларда 229 адам ем алып жатыр. Емдеу мекемелері 18 %-ға толған. 21 адам жансақтау бөлімшелеріне орналастырылған.

СҚО-да жалпы ауырғандар саны 35 388 адамға жетіп отыр. Оның 32 936-сы тәуір болды.

Қайтыс болғандар саны да күннен-күнге артып келеді, өткен тәулікте бір адам көз жұмып, 455 адамға жетті.

Естеріңізге салайық, 15 қаңтардан бастап СҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы күшіне енді.

Бүгін өңірдің бірқатар мектебі қашықтан оқыту форматына көшкен.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp