«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

АВТОБУСТАРДЫ ТЕКСЕРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мамлют аудандық поли­ция бас­қар­масының ма­ман­дары оқушы­ларды мек­тепке тасымалдайтын кө­лік құрал­да­рын тексеруде. Олар, әсі­ресе ша­ғын авто­бустар мен га­зель көлікте­рінің техника­лық жағдайы­на баса назар ау­дар­ды. Өйт­кені жыл­дың қай мау­сы­мы болма­сын сә­би­лерді тасымалдайтын көліктің ақаусыз болғаны маңызды. Сақыл­да­ған сары аяз, жал­тыр мұзда түрлі жол апа­тына түсіп қалудың ал­дын алу үшін жүр­гізуші, ең ал­ды­мен, кө­ліктің тежегіші мен дөңгелегін жиі тексе­рістен өткізуі керек. Одан сырт жүргізушілердің тір­кеу құжа­ты, жүр­гі­зу­ші куә­лігі, жол парақтарының, тех­ни­калық бай­қаудың, сақ­тандыру по­лисі­нің, сон­дай-ақ салонда өрт сөндіру құ­ралы мен дәрі қобдиша­сының, “бала­ларды тасы­мал­дау” де­ген жазуы бар белгінің және сары түсті жарқылдауық шырақтың бо­луы оның қауіпсіз көлік екенін рас­тайды.

Автобус жүргізуші­лер­мен болған кез­десуде қандай жағдайда да жол ережесін бұзбау үшін қыра­ғылықты арттыру керектігі айтылды. Автобус сало­нында кішкентай жолау­шы­ларды отырғызу, тү­сі­ру және орна­ластыру тәртібі туралы да әңгіме өрбіді.

Бектұрған ЛАҚАДЫЛ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp