«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ДАРА ДАРЫН ИЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапхана­сында ақын, Ұлы Отан соғысының ардагері Жұмағали Саиннің туғанына 110 жыл толуына орай “Жалынды жырлар” атты көрме өтті.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты қа­шық­тан ұйымдастырылған көрме – кітапхана оқырмандарын ақынның өмірі және шығармашы­лы­ғымен таныстыруды көздеді. Көрме барысын­да дара дарын иесінің 1912 жылы бұрынғы Көк­шетау облысы, Арықбалық ауданында дүниеге келіп, жастайынан жетім қалып, балалар үйінде тәр­биеленгені айтылды. Тағдыры қиын талант оқу, білімге құштар болып, 1930-1932 жылдары Абай атын­дағы Қазақ педагогикалық институ­тында оқы­ды. “Лениншіл жас” газетінің әдебиет және өнер бөлімін басқарды. Қазақстан Жазушы­лар одағын­да жас жазушылар секциясының меңгерушісі, көр­кем әдебиет баспасында дирек­тор болып істеді. Ал ел басына күн туған шақта Отанды жаудан қор­ғауға аттанып, Украинада пар­тизандар отрядын басқарды.

Бүгінде кітапханада Жұмағали Саиннің 3 том­дық шығармалары бар. Ақынның мерейтойына орай руханият ордасында жастар өлеңдерін оқып, көпшілікті өз өнерлерімен сүйсіндіргенін де айтып өткен жөн.

Гүлнұр БЕКІШ,

Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының библиографы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp