«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Жауапкершілігі мол жасөспірімдер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде қазіргі уақытта кәмелетке толмаған 260 студент “COMIRNATY” вакцинасын алды. Күн сайын ата-аналармен және студенттермен вакциналау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Екпе егер алдында медицина қызметкері артериялық қысымды, сатурацияны, дене қызуын өлшей отырып, жасөспірімге медициналық тексеру жүргізеді, тері жабындары мен көрінетін шырышты қабаттарды тексереді және жалпы жағдайын бағалайды. Шағымдар мен клинкалық көрсетілімдер анықталған кезде жасөспірім қосымша зертханалық-аспаптық зерттеулерге жіберіледі.

Медицина қызметкерлері екпе алған әр студенттің жағдайын тексеріп, қоңырау шалады. Шал ақын ауданындағы Жалтыр ауылының тумасы Әлихан Қажағали желтоқсан айында екпенің бірінші компонентін алған. Жақында екіншісін алмақ.

– Мен “Ақпараттық жүйелер” мамандығының екінші курсында оқимын. Тобымыздың жартысынан көбі екпе алған. Вакцина салдыртқан күні аздап қолым ауырғанмен, кейін басылды. Қазір өзімді жақсы сезінемін, – дейді Әлихан.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp