«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

РАҚЫМШЫЛЫҚҚА ІЛІНДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы бойын­ша қылмыстық-атқару жүйесі де­партаментіне қарасты түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 260 адам рақымшылыққа ілінеді. Соның 89-ы түрмеден босатылса, 171-нің жа­засын өтеу мерзімі қысқар­ты­лады. Рақымшылыққа ілінгендер­дің қатарында 27 жастағы Анастасия Попова да бар.

Ол – Ақмола облысының тумасы. 2020 жылдың наурыз айында Степногорск қалалық сотының үкімі­мен Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша 2 жыл және 2 айға бас бостандығынан айырылды. Жа­засын Петропавлдағы ЕС164/6 түзе­ту мекемесінде өтеді. Мұнда болған 6 ай ішінде ол тігінші, шаштараз ма­мандықтарын игеріп алды. Тәртібі де жақсы болғандықтан Настя р­ақымшылыққа ілінді.

– 2021 жылдың 7 желтоқ­санында ел Тәуелсіздігінің 30 жыл­дығына қарсы “Рақымшылық тура­лы” Заң қабылданды. Осы ретте тү­зету ме­кемелерінде жазасын өтеуге 1 жыл­ға жуық уақыт қалған және тәртіптері жақсы сотталғандар ра­қымшылыққа ілінеді. Анастасия По­пованың ісі қай­та қаралып, жазаны одан әрі өтеу­ден босатылсын деген үкім шыға­рыл­ды, – деді Петропавл қалалық сотының судьясы Алмас Жұмаға­зин. Енді Анастасия сот оты­рысы­нан кейін құжаттарын ретке келтіріп, тиісті рәсімдерден өткен соң, Степ­ногорск қаласына жол тар­тады. Ке­лін­шектің айтуынша, аяғын шалыс басқан оған колония қабыр­ғасында өткен жарты жыл өмірлік сабақ бол­ды. Енді отбасын құрып, ана атанғы­сы келеді.

Жалпы рақымшылыққа ардагерлер, кәмелетке толмағандар, егде жастағылар, 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер, қоғамға қауіп төндір­мейтін адамдар ілінеді. Солтүстік Қа­зақстан облысы бойынша қылмыс­тық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Рустан Ахметжанов қазіргі таңда 77 істі сот қарап, соның 64-інде сотталғандар босатылғанын атап өтті. Мұнымен қоса, 171 аза­маттың жазасын өтеу мерзімі қыс­қар­тылады. Қазіргі таңда ел аума­ғында 64 түрме мен 16 тергеу изо­ляторы бар. Онда 34 мыңға жуық аза­мат жазасын өтеуде.

Майгүл СЕЙІЛБЕК.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp