«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Эпидахуалға байланысты мобильді бригадалардың саны артты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы короновирустың жаңа толқынына әзір. Қазір инфекциялық стационарларда 1300 орын болса, сырқаттану артқан жағдайда ол 2,5 мыңға дейін жеткізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, коронавирустың жаңа толқынына әзірлік барысында алдағы тәжірибе негізге алынды.

Яғни қауіпті инфекцияны жұқтырғандар саны артқан жағдайда стационарлардағы орын саны да көбейтілмек. Ол үшін үш сценарий әзірленген.

Бірінші сценарий қазіргі жағдаймен байланысты. Инфекциялық стационарларда 200-ден астам сырқат бар, 1300 орын 17 %-ға ғана жүктелген.

Жалпы қазіргі уақытта облыста 17 КВИ стационар жұмыс істейді, оның бесеуі – Петропавлда орналасқан.

Емдеу мекемелерінде 1300 инфекциялық және 100 реанимациялық орын бар.

Екінші сценарий инфекциялық стационарларға түскен сырқаттар саны 840-тан асқан жағдайда қолданылады. Яғни қазіргі төсек-орын 60 %-ға толады.

Осы уақытта бір тәулік ішінде тағы 504 науқасқа қосымша орын әзірленеді.

Осылайша Covid-19 үшін инфекциялық стационарларда орын саны 1904-ке жетеді, оның 128-і жансақтау бөлімшелерінде орналасқан.

Ал үшінші сценарий жағдай ушыққанда қолға алынбақ. Коронавирус жұқтырып, стационарларға түскен сырқаттар саны 1140-тан асқан жағдайда тәулік ішінде тағы 639 төсек-орын ашылады.

Осылайша, орын саны 2543-ке жетеді. Оның 138-і жансақтау бөлімшелерінде болмақ.

Өңірде эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты мобильді бригадалардың саны 54-тен 88-ге дейін ұлғайды.

Қазір бір бригада шамамен тәулігіне 10 шақыртуға барады. Желтоқсан айымен салыстырғанда жүктеме 12-ге дейін артқан.

КВИ бар амбулаториялық науқастардың саны одан әрі өсіп, бір бригадаға артылған жүктеме 15 шақырудан асқан жағдайда мобильді бригадалар саны 126-ға дейін ұлғайтылатын болады.

Қазір барлық медициналық ұйымдарда КВИ және вакцинация бойынша ахуалдық орталықтар ұйымдастырылған.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp