«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлдағы қаңғыбастардың басым бөлігі – тепсе темір үзетін жігіттер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда қаңғыбастарды анықтаумен айналысатын мобильді топ былтыр қабылдау-тарату орнына 1976 адамды жеткізген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қалалық полиция басқармасы қабылдап-тарату орнының қызметкерлері тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғаларды анықтау үшін күн сайын рейдтер жүргізеді. Мақсат – қыстың көзі қырауда қаңғыбастарды үсік алудан қорғау. Мобильдік топ сағат 16.00-ден түнгі сағат 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Қызметкерлер көшеге бір шыққанда орта есеппен 8 қаңғысбасты полицияға жеткізеді екен.

Подъездер, жертөлелер, жылу құбырлары, қоқыстар мен базарлар – тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдардың жүретін жерлері ұдайы тексеріледі. Қажет болған жағдайда мобильді топ бағыттарына жедел өзгерту енгізеді. Қылмыстарды ашу, із-түзсіз жоғалғандар, қылмыскерлерді іздеумен қатар, полицейлердің міндетіне қаңғыбастар тарапынан не оларға қатысты жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу кіреді.

39 жастағы Денистің жылу құбырларында, құдықтарда түнеп жүргеніне бірнеше ай болған. Негізінен қоқысқа тасталған азық-түлік қалдықтарымен жүрек жалғайды, кейде волонтерлер мен мейірімді жандар көмектеседі екен. Аязды күндер Денис сияқты кезбелерге аса қауіпті, үсік алуы мүмкін. Сондықтан полицияның мобильді тобы қаңғыбастарды күнде кешке Жұмысшы кентінде орналасқан арнайы түнеу

Петропавл қалалық ПБ қабылдап-тарату орнының бастығы Адай Смайылдың айтуынша, өткен жылдың 12 айы ішінде бұл жерге тұрғылықты мекенжайы жоқ 1976 адам жеткізілген. Қабылдау орнына оның 239-ы орналастырылды. Жеткізілгендердің барлығы полицияның тізімдік есебіне қойылды. Сонымен қатар, қылмыс жасауда күдікті деп танылған, іздеуде жүрген 5 адам анықталды. Талдау, қаңғыбастардың арасында 33-44 жастағы адамдардың жиі кездесетінін көрсетті. Олардың басым бөлігі – ер азаматтар.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp