«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Жастарды техникалық салаларға қарай бағыттауымыз керек – Президент

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық бизнесмендермен кездесуде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Мамандардың барлығы нарықпен қалыптасады. Ірі кәсіпорындар жайлы тағы айтып өткім келеді. Ел дамуындағы оң өзгерістер көп жағдайда бизнестің өркендеуіне байланысты. Өндіріспен шұғылдану, сапалы жұмыс орындарын ашу, ғылым мен білім міндетті түрде өзін-өзі ақтайды. Сондықтан бизнесмендер осы бағытта жұмыс атқарғаны жөн. Қазіргі уақытта білікті кадрлар тапшы, техникалық мамандық иелері жоқ деп шағымдана берудің орнына колледж секілді оқу орындарында білім алып жүрген жас мамандарды ірі кәсіпорындар тәжірибеден өтуге шақырып, шеберханаларда жұмыс істеуге мүмкіндік беруге тиіс. Белгілі корпорациялар осындай бағытта жұмыс істейтінін білемін. Бірақ біз заңгер, экономис пен менеджер секілді мамандарды тым көбейтіп алдық. Сондықтан біз қазір білім алушыларды техникалық салаларға қарай бағыттауымыз керек. Осы ретте «Болашақ» бағдарламасын қайта қарап, қайта бағдарлап, үміткерлерді Ресей секілді елдердің техникалық жоғары оқу орындарына жіберетін боламыз. Ондай оқу орындардың филиалдары елімізде де ашылады. Жас қазақтар техника мамандары болуы керек. Бұл ретте кәсіпорындар ауыл-аймақтағы ынталы жастардың техникалық бағытта білім алуына ықпал етіп, үйретсе ел экономикасы да өркендей береді», деді Мемлекет басшысы.

https://egemen.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp