«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Жақынымызға жанашыр болайық!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өзіміз куә болып отырғандай қазір қауіпті індет қайта белең алды. Туған-туыстарымыз бен таныстарымыз коронавирус дертіне шалдығуда. Сондықтан бұл ауруға атүсті қарауға болмайды.

Әлемді бір тарының қауызына сыйдырған қауіпті індет кеңінен таралып жатқанда бойды қорқыныш пен үрей биледі. Енді жағдай қалай болар екен деп алаңдағанымыз рас. Әр ел инфекциямен өзінше күресіп, барынша сақтық шараларын күшейтті. Біздің еліміз де бұл тығырықтан шығар жол іздеп, тұрғындардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалуға бар мүмкіндікті қарастыруда. Әрине, коронавирус дертінен қайтыс болған адамдар да арамызда аз емес. Әлі де қанша адам құрбан болатыны белгісіз. Сондықтан біз сақтық шараларын ұстанып, өзіміз бен жақындарымыздың денсаулығына жауапкершілікпен қарауымыз керек. Ұжымдық иммунитет қалыптастыруда екпе алудан бас тартпауға шақырамын. Өзім де вакцинаның екі компонентін алдым. Алдағы уақытта ревакцинациядан өтуді жоспарлап отырмын.

Мұратбек ИСИН,

зейнеткер.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp