«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Автотұрақтан – сатылымға

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс аумағында бір ғана мамандандырылған айыппұл тұрағы бар, ол Петропавл қаласында орналасқан. Сыйымдылығы 350 көлікке арналған, бүгінде онда 344 көлік қойылған.

Орын ташылығына және ауа райының қолайсыздығына байланысты  қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін тәркіленген автомобильдерден «иесіз» деп танылғандары алғашқы сатылымға шығарыла бастады.

Мұнда көліктің неше түрлі маркасы кездеседі. Жол талғамайтыны да, шетелдікі де,  жаңасы да, ескісі де, тіпті ондаған жылдар бойы «қаңтарулы» тұрғандары да  бар. Осы себепті жергілікті билік иесіз қалған көліктерді аукцион арқылы саудалауға шешім шығарды. 1992 жылғы алғашқы үш автокөлік иелерін тапты. Әрқайсысы 500 мың теңгеге бағаланды.

Алдағы уақытта мамандандырылған айыппұл тұрағының аумағы бір гектарға кеңейтілмек.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp