Соңғы күндері елімізде коронавирустық инфекция жұқтыру көрсеткіші өсті. Егер суық тию, тұмау немесе пневмонияның белгілері байқалса, онда ПТР әдісімен коронавирусқа тест тапсыруға болады. Ол үшін емхананың сүзгі-кабинетіне жүгіну қажет. Ауруды басқаларға жұқтыру қаупін тудырмау үшін емхананың тіркеу немесе анықтама бөліміне қоңырау шалып, үйге мобильді топ мамандарын шақыруға болады. Бұл жағдайда зерттеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ақысыз жүргізіледі. Сондай-ақ ПТР әдісі арқылы тестілеуден коронавирус анықталған науқастармен байланыста болған адамдар да өте алады.
Шетелге шығуға мүмкіндік алу үшін ПТР-тестке жұмсалатын қаржы азаматтың өз есебінен төленеді. Жалпы ПТР-тест медициналық көрсеткіштер бойынша фильтр кабинетіне жүгінгенде, ЖРВИ және вирустық пневмония белгілері болған кезде, коронавирустық инфекцияға күдікті науқас үшін мобильді топты үйге шақырғанда, стационарға шұғыл емдеуге, жоспарлы емдеуге жатқызуға немесе ауруханаға дейінгі тексеруге жіберу кезінде, жүкті әйелдерге 37 аптадан бастап босануға жатқызу үшін гемодиализдегі науқастарға тегін жүргізіледі.
Науқастар айналасындағыларға қауіп төндірмеуі үшін, сондай-ақ үйде қажетті медициналық көмек алуы үшін әрбір МСАК ұйымының жанынан “COVID-19”-ға шалдыққан науқастарды амбулаторлық бақылау бойынша мобильді бригадалар құрылды. Олар өз аумағындағы тұрғындарға қызмет көрсетеді. Жұмыс уақыты – 8.00-ден 20.00-ге дейін. Егер науқас тіркелген жері бойынша емхана аумағында тұрмайтын болса, онда 103 телефон номіріне қоңырау шалуы керек. 20.00-ден кейінгі қоңырауларға “Жедел жәрдем” қызмет көрсетеді. Егер өкпеде қабыну үрдісінің дамуына күдік болса, компьютерлік томография немесе кеуде қуысының рентгенографиясы жасалады. Диагностиканың бұл түрлері науқасқа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тәуліктік стационарға емдеуге жатқызу кезінде тегін жүргізіледі. Сондықтан пневмония белгілері бар сақтандырылмаған науқастарға да көмек көрсетіледі. Ауруханаға жатқызу денсаулық жағдайы үйде емделуге мүмкіндік бермейтін науқастарға сатурацияның төмен деңгейімен, ентігудің жоғарылауымен және өздігінен дем ала алмауымен, өкпенің зақымдануының жоғары деңгейімен байланысты жүргізіледі. Сатурацияның бірдей төмендеуімен екі науқаста ауруханаға жатқызудың әртүрлі көрсеткіштері болуы мүмкін екенін ескерген жөн. Сондықтан емдеуге жатқызу үшін ПТР-дің оң нәтижесі жеткіліксіз.
Үйде, оның ішінде учаскелік дәрігердің бақылауымен емдеу нәтижелері бойынша белгілі бір уақыттан кейін науқасқа динамикалық жағдайды тексеру үшін КТ-дан өту қайта тағайындалуы мүмкін.
Тәулік бойғы стационарға емдеуге жатқызу кезінде әр адам емдеу хаттамасына сәйкес қажетті дәрі-дәрмектерді алады. Бұл жағдайда науқас емдеуші дәрігерден нұсқама алады. Соның негізінде оған емхана дәріханасында дәрі беріледі. “COVID-19” ағымының жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде (ЖРВИ белгілері) парацетамол, ибупрофен ұсынылады. Егер пневмония, тромбоэмболия қаупі орын алса, амбулаторлық деңгейде дабигатран капсулалары мен ривароксабан, апиксабан, парацетамол және ибупрофен беріледі. Тексеруден және емдеуден кейін кейбір жағдайларда ағзаның қалпына келуіне көмектесу керек. Әсіресе науқаста созылмалы аурулар болса, ентігу, әлсіздік байқалады.
МӘМС жүйесін іске асырудың оң нәтижесі ретінде оңалтудан өтуге болатынын айтқан жөн. Ол үшін емханадағы дәрігерге бару керек. Реабилитолог дәрігердің немесе мультидисциплинарлық топтың (МДТ) кеңесіне жолдама береді. Реабилитолог немесе MТД науқастың жағдайын бағалайды және қалпына келтіру шараларының қажетті курсын таңдайды. Оңалту шаралары тыныс алуды қалыпқа келтіруге, асқынуларды азайтуға, өмір сүру сапасын жақсартуға және мазасыздық пен депрессия белгілерін жеңілдетуге бағытталған. Функционалдық бұзылу деңгейіне байланысты медициналық оңалту стационарлық, сондай-ақ амбулаторлық жағдайларда да жүргізілуі мүмкін.
Қарлығаш ІЛИЯСОВА,
әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының бөлім басшысы.