«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫ ТАЛАПҚА САЙ ҚОРҒАЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі” атты халыққа арнаған Жолда­уында басты стратегиялық мақсаты­мыз Орталық Азиядағы көшбасшы­лық рөлімізді күшейту, сонымен қатар әлемдік экономикадағы орнымызды нығайту екені айқындалды.

Бұл орай­да азаматтар мен кәсіпкерлерге ау­қымды әрі жедел қолдау көрсетудің және олардың құқықтық мәртебесінің сақталуының маңызы айрықша. Пре­зидент ұлттық даму жоспары аясын­да адамдардың тұрмыс сапасын арт­тырудың 25 міндеті белгіленгенін, жергілікті бизнесті дамытып, инвес­тициялар мен салықтық базаны кө­бей­туге қызығушылық артқанын, заң­намадағы барлық қайшылықтар мен көмескіліктер жеке тұлғалар мен биз­нестің мүддесіне орай түсіндіріле­тіні заң жүзінде қамтамасыз етілгенін айта келіп, “әрбір ше­шім елдің сұра­нысын да, мемлекеттің мүмкіндігін де ескере отырып қабылдануы қажет”, – деп атап көрсетті. Жалпы экономика­мыздың дамуында оң үрдістер орнық­қанымен, бүгінгі ахуалдың әлі де күр­делі екенін еске сала отырып, кез кел­ген мәселеге байыпты сараптама жа­сап, тиімді шаралар қабыл­дауды тап­сырды. Демек, мемлекеттің тиімділі­гін, саяси үдерістің ашықтығы мен бә­секелестігін одан әрі арттыру басты мақсат болып қала береді. Мықты да әділ әрі озық мемлекет құруда қалың көпшіліктің мүдделері мен ұстаным­дарын қолдау, құқы­ғын қорғау, әлеу­меттік-экономикалық теңсіз­діктерді жою – бұлжымас қағидат.

Тұтынушылардың құқықтары жө­нін­де де осы­лай айтуға болады. Өйт­кені жасына, әлеуметтік те­гіне, көзқа­расына, діни ұстанымына қарамас­тан әр­бір қазақстандық белгілі бір тауарлар мен қызмет­тердің тұтыну­шысы болып табылады. Әрқайсысы – кез келген сауда орындарынан, дүкен сөрелерінен азық-түлік, тұрмыстық заттар мен техникалар са­тып алудың белсенді қатысушысы. Осындай жағ­дайда құқықтары бұзылып жатса, не істеу керек? Заңды мүдделерін қорғау үшін қайда жүгінеді? Сатып алу-сату мәмілесінде тараптар жағынан бұр­ма­лаушылыққа жол берілсе, мәсе­лен, сапасыз өнім­дер ұсынылса, қан­дай әрекеттерге баруға бо­ла­ды? Кі­нә­лілерді жазаға, жауапкершілікке тар­ту жолдары қандай? Әлде, “басқа түсті, біз көндік” деп жүре бере ме? Статистика бойынша қазақстандық­тар­дың 60 пайызға жуығы сапасыз тауар сатып алу және қызмет көрсету барысында тұтыну құқығын қорғауға бейжай қарайды. 14 пайыздайы ша­ғым­дарын сотқа дейін шешсе, 4 пайы­зы ғана құзыретті органдарға жүгінеді. Бестен бірі ғана мемлекеттік құры­лым­дардан көмек күтеді. Осындай дү­дәмәл мәселелер мен қарама-қайшылықты сұрақтар түйінін шешумен Сауда және интеграция министр­лігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті­нің облыстық департаменті айналысады. Жолдау­дағы экономи­каны әртараптандыру, өндірілетін та­уарлардың түрлерін көбейту, бас­тал­ған рефор­маларды ақырына дейін жеткізу, кәсіпкерлер қыз­ме­тіне қолдау көрсету, құқықтық мәртебе мен оған көрсетілетін ықпалды шараларға белсене атсалысу мәселелерінен де шет қалмаймыз.

Біздің ведомство өз қызметін нор­мативтік-құқықтық актілермен үйлес­тіре отырып, облыс аума­ғында тұты­ну­шы­лардың құқықтарын қорғау са­ла­сындағы мемлекеттік саясаттың, мем­лекеттік, өзге де бағдарламалар­дың, жобалардың, стратегиялық жос­пар­лардың, жеке және заңды тұлға­лардың өтініштерінің уақтылы қарал­уын, бұзу фактілері бойынша заң­сыздықтарды анықтаудың, жоюдың, бақылаулар жүргізудің, әкімшілік құ­қық бұзушылық кодексінде белгілен­ген тәртіппен хаттамалар тол­тыру­дың, әкімшілік жаза қолданудың жү­зеге асы­рылуын қамтамасыз етеді. Былтыр жеке және заңды тұлғалар­дан 641 өтініш келіп түсті. Олардың 58 пайызы қанағаттандырылып, тұты­ну­шыларға 4,5 млн. теңге қайтарыл­ды. Заңды құқықтары бұ­зылған тұ­тынушылардың арыздары негізінде үш кәсіпкерлік субъектісіне жоспар­дан тыс тексеру жүргізілді. Оның қо­рытындылары негізінде бір кәсіпкер­лік субъектісі әкімшілік жауапкер­шілікке тартылды. Оған шағым қарал­ған күннен бастап он күннің ішінде жазбаша жауап бермегені себеп бол­ды. Жаза қолданылған күннен бас­тап осындай іс-әрекеттің бір жыл ішін­де қайталануына байланыс­ты оған 50 АЕК (145850 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды. “Қазақстан Рес­пуб­ликасында тексерулер мен про­фи­лактикалық бақылау мен қадаға­лауды жүргізуге мораторий енгізу туралы” Президенттің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес шағын орта кәсіпкерлік субъектіле­ріне тексеру жүр­гізілмейді. Солай екен деп арқаны кеңге салатын­дар бар. Оларға тұтынушылардың құ­қықтарын қор­ғау туралы қолданыс­тағы заңнамада белгіленген міндет­тер тиісінше орындалмаса, азамат­тық сот ісін жүргізу тәртібімен жауап­кершілікке тартылаты­нын ескертуге тура келеді. “Халық үніне құлақ асатын мемлекеттің” бәрі адамдар үшін деген қағидаты бұлжымас талап болуы тиіс. Тұтыну­шылар мен кәсіп­кер­лердің құқықтарын қорғау қауым­дастығымен бірлесіп, сот тәртібімен тұтыну­шылардың 100-ден астам өті­ніші қанағаттанды­рылды.

Департамент қызметіндегі басты бағыттардың бірі – тұтынушылық құқығы бұзылған азаматтардың арыз-шағымдарын қарау. Осы себепті құқық бұзушылықтардың алдын алуға және халықтың, оның ішінде бизнес субъектілерінің тұтынушылық сауат­ты­лығы деңгейін арттыруға және тұтынушы­лардың құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіруге ерекше мән береміз. Өкінішке қарай, тұрғындар­дың көпшілігі тұтынушылық міндетте­рін жете біле бермейді. “Тұтыну­шы­лардың құқықтарын қорғау туралы” Заңның белгілі бір нормаларын білу түйткілді мәселелерді жедел әрі нәтижелі шешуге көмектесер еді. Бір­де департаментке бір азамат сатып алған тауардың сапасына шағым ай­та келді. Қолында төлем жасағанын растайтын түбіртек, сатып алған та­уардың паспорты болғанымен, кепіл­дік талон жоқ екен. Сатушы тарапы­нан да тұтынушының құқықтары бұр­маланған. Кез келген сауда орны шарт талаптарына сай келетін тауар­ды және ол жөнінде толық ақпаратты беруге, егер тауардың жарамсыз­ды­ғы тұтынушының кінәсінан болма­ға­ны дәлелденсе, 4 күн ішінде ақшасын қайтарып беруге не ауыстыруға міндетті. Міне, осындай жайттар жиі кездеседі. Әсіресе электрон­ды сауда жасағанда интернет-дүкенді дұрыс таңдап, тауардың бағасы, кепілдік мерзімі, оны сатып алу, жеткізу және қайтару шарттарының бар-жоғына абай болған жөн. Тұтынушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруда, құқығы мен мүддесінің бұзылмауына атқарылатын шаралар­дың ықпалы айтарлықтай. Былтыр 25-тен астам брифингтер, отырыстар, семинар­лар, акциялар ұйым­дастырылып, ин­тер­нет-порталдарда, “Face­book” жә­не “Instagram” әлеуметтік желілерінде 200-ге жуық жарияланым орналасты­рылды. “Antikor Live” алаңында заң­на­малар кеңінен түсіндірілді. Кітап­ханаларда, облыстық кәсіпкерлер па­латасы өкілдерімен онлайн-кездесулер өткізілді. Арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құ­қық қорғау саласын кешенді жаңғыртуға бағыт­талған “Қазақстан Республикасының адам құқықта­ры саласындағы одан арғы шаралары туралы” Жарлыққа қол қойды. Осыған орай тұтынушылар­дың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ар­найы тұжырымдама әзірлен­ді. Ол бойынша комитет тұтынушылардың құқықта­рын қорғау жөніндегі қоғам­дық бірлестіктер­дің, бірыңғай ұлттық қауымдастығының заңнамалық құжа­тын рәсімдеу, тұтынушылардың құ­қық­тарын қорғау жөніндегі Ом­будсмен институтын енгізу сияқты бір­неше ұсыныстар енгізді.

Президент Парламент Мәжілісінде сөйлеген сө­зінде мемлекеттік құры­лым­дар алдына заман талабына сай әлеуметтік бағдары бар нарықтық эко­номика құру және дамыту, халықты са­палы өмірмен қамту мен әл-ауқатын арттыру міндеттерін қойды. Бұл айтылғандар Жолдау талаптарымен толық үндеседі.

Ләзім МИЯШЕВА,

тұтынушылар құқықтарын қорғау комитеті облыстық департаментінің басшысы. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp