«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қолдау тапқан өзгерістер

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жетінші шақырылған Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясы өтті. Пленарлық отырыстың күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды.

Мәслихаттың “Солтүстік Қазақстан облысының 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджетін бекіту туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен депутаттар алдында облыстық қаржы басқармасының басшысы Наталья Дышкант сөз сөйледі.

Облыстық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы мәслихат шешіміне, сондай-ақ кадрлық өзгерістерге байланысты мәслихаттың облыстық әкімдіктің дербес құрамы туралы шешіміне өзгерістер енгізілді.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Мейрам Меңдібаев “Солтүстік Қазақстан облысында меншікке немесе пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең төменгі мөлшерін белгілеу туралы” мәслихаттың бірлескен шешімі мен облыс әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы ұсыныс енгізді.

Халық қалаулыларының алдында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құмар Күсемісов азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаторлық емделу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша ұсыну туралы мәселе бойынша сөз сөйледі.

Сессияда “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді, жаңа төрағалар сайланды. Енді комиссияның екі төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін болады.

Отырыс барысында облыстық мәслихаттың регламентін бекіту жайы қаралды. Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Қайрат САДЫҚОВ,

облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp