«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазіргі таңда өңірімізде сала­мат­ты өмір салтын ұстанатын тұр­ғын­дар саны артып келеді. Олар­дың қатарында жас ерекшелікте­ріне қарамастан киокушинкай, ка­ратэ сияқты спорттың күрделі түр­лерімен айналысатын егде адам­дар да бар. Ақылмен қатар дене күші де қажет деп есептейтін бұл санаттағылар өздерінің қарым-қабілеттері жағынан жастардан еш кем түспейтіндерін іспен дә­лел­деп келеді. Олар денсаулық­тың бірден-бір кепілі күнбе күнгі де­нешынықтыру екенін жақсы біледі.

Спортты өмірлік серік еткен қа­риялардың бірқатары – “Кекушин­кай каратэ” шығыс жекпе-жегі бір­лестігіне мүше. Араларында ты­нымсыз жаттығудың арқасында каратэ спортының сиқырлы сыр­ла­рын меңгеріп, жергілікті сайыс­тарға қатысып жүргендері де кез­деседі. Кейбірі ақыл-ой мен епті­лікті, шапшаңдықты талап ететін “ката” түрін таңдап алған.

Топтың бапкері Людмила Ва­силье­­вa­наның тәжірибесі өте мол. 2018 жылы каратэден Еуро­па чемпионы атағына ие болған, қара белбеу иегері саналады. Осы спорт түрімен қырық жасы­нан бастап айналысқан. Каратэге келуі де кездейсоқ. Бастапқыда каратэге немересін жетелеп әке­ліп жүрген. Кейін қызығушылығы оянып, немересімен бірге жатты­ғатын болған. Жаттықтырушы Людмиланың спортқа деген ынта­сын байқап, кимоно сатып алу ту­ралы айтыпты. Сол кезде оның бо­йында өзіне деген зор сенім пай­да болып, спортпен шындап ай­на­лысу жасқа қарамайтынын сезген.

“Белбеуге сынақ тапсыру оңай­ға соқпағанын жасырмаймын. Қатты қиналған сәттерде бұл спорт­ты тастап кетсем бе деген түрлі ойлар келетін. Ерік-жігерімді жинап, күш-қайратымды қиын­дық­тарға қарсы қоя білдім. Түрлі жарыстарда топ жардым. Қазір зейнеткерлік жастағы топты жат­тықтырамын. Дене шынықтыру магистрі деген дәрежем бар”, – дейді егде спортшы.

Егде жастағылар үшін ең қым­баты – денсаулық. Жаттығулар­дың дені қарапайым болып келе­ді. Борис Самусев 40 жыл тарих пәнінен сабақ беріпті. Зейнет де­малысына шыққаннан кейін кара­тэмен айналысуға бел буыпты. Ал­ғашқы жаттығуға келгенде сал­мағы 95 келі тартса, екі жылдың ішінде 30 килограмм салмақ жо­ғалтып, жіптіктей жігітке айнала­ды. Бұрындары ентігіп, дем алы­сы қиындаса, қазір желмен жа­рыс­қан жүйріктей болмаса да, жү­рісі жеңіл, шапшаң, қағылез.

“Жастарға ең болмағанда спор­т­тың бір түрімен айналысуға ке­ңес беремін. Денсаулықтың қа­дірін бағалай білейік”, – дейді ол.

Егде адамдар жаттығатын топ­та ең үлкені сексен жаста.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp