«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“САРДАЛАНЫҢ ЖЫРШЫСЫ”

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде көрнекті ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовтың 90 жылдығына орай “Сардаланың жыршысы” атты поэзия кеші өтті.

Поэзия кешіне зиялы қауым өкілдері, жерлес ақындар мен жазушылар, әл-Фараби мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.

Артына өшпес із, өлмес мұра қалдырған жер­лесіміздің руханиятқа сіңірген еңбегі ұшан-те­ңіз. Ақын әртүрлі жанрда еңбектенді. Қазақ поэзиясында тұңғыш рет сонеттер жазып, кітап қып шығарды. Оның бес жүздей өлеңіне сазгер­лер ән шығарды. Соның ішінде өткен ғасырдың жетпісінші жылы шыққан “Жезкиік” туындысы халық әніне айналды.

Кәкімбек Салықов В.Маяковскидің, Я.Колас­тың өлеңдерін және А.Пушкиннің “Евгений Оне­гин” романын қазақшаға аударды. Ленин, Ха­лық­тар достығы, екі рет Еңбек Қызыл Ту, Пара­сат орденімен және көптеген медальдармен марапатталған жерлесіміздің өнегелі өміріне тоқ­талған кеш қонақтары ардақты тұлғаның әдеби бай мұрасы халық қазынасы екенін атап өтті.

Поэзия кешінде ақынға арнау айтылып, өлең­дері оқылды.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp