«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 24.01.2022

Ынтымақ қайда — ырыс сонда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Халық бірлігі және жүйелі реформа­лар – ел өркендеуінің берік негізі” Жол­дауында “бірлігіміз – әралуандықта” деген басты қағидамыз ешқашан өз­гермейтінін қадап айтты. Қазір Қазақ­стан мүлде жаңа дәуірге қадам бас­қан кезеңде ұлттың ұйысуы, этнос­аралық қатынастардың үйлесімділігі ауадай қажет. Осы бір құнды­лықта­ры­мызды көзіміздің қарашығындай қастерлей білсек, дамуымыздың бас­ты факторы ретінде нығайып, еліміз­дің мемлекеттік саясатының басты …

Ынтымақ қайда — ырыс сонда Read More »

СЕМЕЙ ҚАСІРЕТІ

И.Шухов атындағы орталық қа­лалық кітапханаға жазушы Сәуле Досжанның “Қасірет пен тағ­дыр” атты кітабы түсті.

АРЖАНИКОВ ОЛИМПИАДАҒА БАРАДЫ

Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарына конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының атынан 5 спортшы қатысады. Арасында сол­түстік­қазақстандық Иван Аржаников та бар. 27 жастағы спортшы 500 және 1000 метр қа­шықтықта сынға түспек.

ЕУРОПАДАҒЫ ТАРТЫС

Футзалдан Нидерландының Амстердам және Гронинген қа­лаларында Еуропа чемпионаты өтіп жатыр. Қарт құрлықтың үздік­тері жиналған жарыста Қазақстан командасы да өнер көрсетуде. Жерлес­теріміз В тобындағы ал­ғашқы ойында еуропалық рей­тинг­те 8-орында тұрған Словения құрамасымен кездесіп, 4-4 есебі­мен тең ойнады.

Есірткі таратумен айналысқан

Өңір полицейлері “жасыру” әдісімен психо­троп­тық заттарды сақтау және тарату ісі бойынша күдікті – Петропавл қаласының тұрғынына қатысты тергеу материал­да­рын сотқа жолдады.

ЗАҢСЫЗ ҚАРУ

“Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы бары­сын­да облыс полицейлері заңсыз сақталған бес қаруды тәркіледі. Тіркелмеген тегіс ұңғылы қарулар Мағжан Жұмабаев ауданының екі тұрғынынан алынды. Ауылдық­тарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 482-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған бап жеке тұлғалар үшін 60 мың теңге мөлшеріндегі айыппұл салу жазасын қарастырады.

Бейнебақылау – барлық бөлімдерде

Облысымыздың полиция бөліністеріндегі қыз­мет­тік бөлмелерге бейнебақылау камерала­рын орнату жұмыстары аяқталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыр­күйектегі Жолдауында айқындалған міндеттерді орындау мақсатында бұл жұмыс былтыр қолға алынған болатын. Ішкі істер органдарының әкімшілік ғима­раттарының кабинеттері мен бар­лық учаскелік по­лиция пункттерінде 1192 камера орнатылды. Ап­па­раттық-бағдарламалық кешен бей­не­жазбаны жедел басқару орталығына жі­беруге мүмкіндік бе­реді.

Oilan, tap!

Астанадан Қарағандыға жету үшін 2 сағат 30 минут қажет. Ал Қараған­ды­дан елордаға қайтуға 150 минут керек. Неге олай?

Су асты кереметтері

Құрлықтағы сияқты, су астында да өмір бар. Ол нағыз тылсым сұлулық­тың көрінісі. Су астындағы керемет­тердің ішінде Үлкен Тосқауыл рифі кездеседі. Ол Австралиялық солтүстік-шығыс жағалауындағы Маржан теңізінде 2000 шақырымға жайылып жатыр, оның түбінде шамамен 10000 маржан жасырынған.

ТАПҚЫР ҚОЯН

Аң патшасы арыстан аңдар арасын­да бәйге ұйымдастырыпты. Бәйгенің шарты бойынша жеңімпаз қазанда қайнап тұрған суды ішу керек екен. Бәйгеге қатысқысы келген аңдар бірінен соң бірі келгенмен, қайнап тұрған суды көргенде батылдық­тары су сепкендей басылады. Бір уа­қытта қоян келіп, қайнап тұрған суды көтеріп: – Мен қайнап тұрған суды ішкенді жақсы көремін, – деп айналасына қарайды. Аң-таң …

ТАПҚЫР ҚОЯН Read More »

Ешкі қаптаған жаз (Әңгіме)

Бейсен шал екі сиыры мен он шақ­ты қой-ешкісін өріске шығарғасын, күн­дегі әдетімен үйге кірмей, есік ал­дында жүріп алды. Белі құрғыр сыр бере бастағалы екі қолы артында. Үйге кіруге асығар емес. Күн де арқан бойы көтеріліп қапты. Балағы таңғы шыққа малынып, дымқыл тартыпты. Мәсінің сыртынан киетін жұмсақ галошының басына сиырдың жапасы жұғып қалған ба, қаз отына …

Ешкі қаптаған жаз (Әңгіме) Read More »

Қазақ мектебіне қатынау қиын

Ақерке Икматуллаева отбасымен “Оңтүстіктен – Солтүстікке” бағдарламасы бойынша көшіп келіп, Мамлютка қаласына қоныстанған екен. Үш баланың анасы облыстық “Soltüstık Qazaqstan” газетінің редакциясына жолдаған хатында жанайқайын былай жеткізіпті: – Бізге берілген үй қаланың шетіндегі Жұмысшы кентінде орналасқан, мектеп пен үйдің арасы өте алыс. Бірінші сыныпта оқитын қызымның мектепке қатынауы қиын болып тұр. Көлік болмаса шынашақтай баланың …

Қазақ мектебіне қатынау қиын Read More »

Жәрдемақы төлемдері көбейтілді

Бүгінгі таңда республикалық бюджеттен тұрғындарға мемлекеттік жәрдемақылардың 40-тан астам түрі, сондай-ақ базалық және ынтымақты зейнетақы төленеді.

Жауынгерлер есімі жаңғырады

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры Анатолий Плешаков Ұлы Отан соғысында хабар-ошарсыз кеткен және майдан даласында мерт болған қазақстандық жауынгерлердің туған-туыстарын іздеу жұмыстарымен айналысуда. Оған Чехиядағы әріптестері өз елдерінде жерленген 500-ге жуық сарбаздың тізімін жіберді.

Тәуелсіздік — тәу етер жалғыз кием!

Елімізде жаңа жылдың басында орын алған қайғылы оқиға ақжаулықты ана, елімнің патриоты ретінде мені де бейжай қалдырмады. Бәрінен де қымбат, тәу етер жалғыз киеміз – Тәулсіздігімізге үлкен қатер төнді. Содырлар лаңкестік әрекет жасап, бейбіт елдің берекесін қашырды.

ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС НАШАР

Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, медициналық қызмет көрсетуге қолжетімділікті арттыру, өзге де мәселелер халық қалаулылары мен партиялық бақылау комиссиясының тұрақты бақылауына алынған.

ТӨРТЖЫЛДЫҚТЫҢ БАСТЫ ДОДАСЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Олимпиада және Паралимпиада ұлттық құрамаларының мүшелерімен кездесті. Мемлекет басшысы жуырда Бейжің қаласында өтетін ХХІV қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының барша спортсүйер қауым үшін айтулы оқиға екеніне тоқталып, Қазақстан осы сайысқа ең үздік спортшыларын аттандыратынын атап өтті.

ЖҰЛДЫЗДАЙ АҒЫП ӨТКЕН СОЛ БІР БЕЙНЕ…

Көнекөз қариялардың 1934-1937 жылдары Са­рысу ауданының бірінші басшысы болған Нұ­рыш Да­нияров туралы тартымды естеліктер айт­қанының талай куәсі болдық. Әсіресе 2003 жы­лы ауданның құрылғанына 75 жыл толуына орай өт­кізілген мерекелік шаралар қарсаңында қа­дірменді қариялар Рәш Әбілев, Ынтымақ Нұр­кенов, Тілепберген Маманов, Мұхтар Мысық­баев, Бекбенбет Жанәділов, Мәдіғұл Қош­ма­ғанбетов сияқты ардагерлер Нұрыштың іскер­лігін, кішіпейілділігін, адамгершілік қасиеттерінің жоғары екендігін, қала …

ЖҰЛДЫЗДАЙ АҒЫП ӨТКЕН СОЛ БІР БЕЙНЕ… Read More »

Барымызды бағалайық

Бала кезімізден “Отан отбасынан басталады” деген сөздерді естіп өстік. Иә, Отан деген ұғымның сыры те­реңде, жан дүниемізбен бітісіп кеткен. Туып өсіп, өніп, өрбіп, уақыты кел­генде мәңгілік тұрағымыз да болатын жеріміз. Тағдырды адам баласы өздігінен таңдамайды. Қай жерде тұратының, қандай ұлт бола­ты­ның, рең-түсің қандай болатыны тағдырыңа жазылған. Тұрған жеріміз, Отанымыз, тіліміз Құдайдың бізге аманаттап берген белгілері, …

Барымызды бағалайық Read More »

ЖАТ ҚЫЛЫҚ

Базар маңынан өтіп бара жатып қайыр тілеп, қол жайып отырған екі адамды көзім шалып қалып, солай қа­рай бұрылдым. Көріп тұрып, көрме­гендей өте шығу – мұсылмандығы­мызға жат, оның үстіне, ораза айында сауапты іс істейін деген де ойым болды. Қастарына жақындап барға­нымда байқадым, оң жағында отыр­ған адамның екі қара санының тө­менгі бөлігі жоқ. Сол жақта тұрғаны бет-аузы …

ЖАТ ҚЫЛЫҚ Read More »