«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ЕУРОПАДАҒЫ ТАРТЫС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Футзалдан Нидерландының Амстердам және Гронинген қа­лаларында Еуропа чемпионаты өтіп жатыр. Қарт құрлықтың үздік­тері жиналған жарыста Қазақстан командасы да өнер көрсетуде. Жерлес­теріміз В тобындағы ал­ғашқы ойында еуропалық рей­тинг­те 8-орында тұрған Словения құрамасымен кездесіп, 4-4 есебі­мен тең ойнады.

Турнирге бірнеше күн қалғанда бас бапкер Кака мен негізгі құрам­ның бірнеше ойыншысы корона­ви­рус жұқтырып алып, чемпио­нат­тың алғашқы ойы­нына қатыса алмады. Жарақатына байланыс­ты Лео қатардан шығып қал­ды. Осы жағдайдың бәрі Сло­вения­мен болған ойында кері әсерін тигізді. Жігіттерде ойын тә­жірибе­сі болмағандықтан матч бары­сын­да бір-бірін түсінбей, доп беру сәтінде жиі қа­телесті. Бұл матч­та Қа­зақстан құрамасы сапынан Жо­март Тоқаев, Біржан Оразов және Дуглас (екі гол) мер­гендігімен көз­ге түсті. Ал осы топтағы екінші ойында Фин­ляндия мен Италия құ­ра­малары кездесіп, бұл матч­та да жеңімпаз команда анықтал­мады. Нәтиже – 3:3.

Өзге топтағы нәтижелерге тоқ­та­лар болсақ, А тобының бі­рінші турында Португалия Сербиядан 4:2 есебімен басым түссе, жарыс қожайындары Ни­дерланды Ук­раинаны 3:2 нә­ти­жесімен жеңді. Ал С тобында Ресей 7:1 есебімен Словакияның тас-талқанын шы­ғар­са, Хорватия Польшаны ұтты – 3:1. D тобында Грузия Әзір­байжанды 3:2 есебімен жеңіп, чемпионаттың сенсация­сын тір­ке­ді. Ал рейтингте көш бастап тұр­ған Испания Босния және Гер­цеговинаны 5:1 нәти­жесімен қапы қалдырды.

Екінші турда Украина Сербия­ны 6-1 есебімен жеңсе, Португалия 4-1 нәтижесімен алаң иелерінен басым түсті. Кеше түнде Қазақ­­стан Финляндиямен күш сынасса, Ита­лия Словениямен ойнайды.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp