«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЕМЕЙ ҚАСІРЕТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

И.Шухов атындағы орталық қа­лалық кітапханаға жазушы Сәуле Досжанның “Қасірет пен тағ­дыр” атты кітабы түсті.

Шығармада Семей ядролық по­лигонының Жапониядағы Хироси­ма жарылысынан, Ук­раи­надағы Чер­нобыль апатынан зардабы кем түспейтінін көрсетеді. Өмірлік оқи­ға­ға негіз­дел­ген туындыны жазуға жазушының жары, “Барыс” және “Даңқ” ордендерінің иегері, гене­рал-полковник Сәт Тоқпақбаев се­бепкер бол­ған. Роман қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.

Басты кейіпкер – сол заманның қиындығын көрген Аяулым есімді қыз. Автордың сөзінше, басты ке­йіпкер ретінде жазушы өзін негізге алған. Аталмыш кітапта Семей өңірі тұрғында­рының қасіреті айтылады.

Романның желісі бас кейіпкер Аяулымның басынан өткен қиын тағдырды баяндайды. 30 тараудан тұратын “Қасірет пен Тағдыр” шы­ғармасы соңғы жылдары қазақ әде­биетінің алыстап бара жатқан кө­лемді роман жанрын қайта жаң­ғыртқандай. Сондай-ақ туындының ағылшын тіліндегі нұсқасы Лондон қаласында басылып жатыр. Автордың сөзінше, болашақта кітаптың электронды нұсқасы да оқырманға жол тартады.

Алтынай СЫЗДЫҚОВА,

И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың кітапханашысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp