«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ТАПҚЫР ҚОЯН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аң патшасы арыстан аңдар арасын­да бәйге ұйымдастырыпты. Бәйгенің шарты бойынша жеңімпаз қазанда қайнап тұрған суды ішу керек екен. Бәйгеге қатысқысы келген аңдар бірінен соң бірі келгенмен, қайнап тұрған суды көргенде батылдық­тары су сепкендей басылады. Бір уа­қытта қоян келіп, қайнап тұрған суды көтеріп: – Мен қайнап тұрған суды ішкенді жақсы көремін, – деп айналасына қарайды. Аң-таң болған аңдар “іше ғой онда”, – дейді. Қоян қаз-қа­тар болып тізіліп тұрған аңдардың алдымен жағалай жүріп: – Доста­рым, мінекей мынау ыстық су, дұрыс­тап қарап алыңдар, – деп әрқайсы­сына жеке-жеке көрсетіп шығады. Осылай әр аңға жеке-жеке көрсетіп шық­қанша, қазандағы қайнаған су суып қалады. Осыны пайдаланып қоян суды басынан бір-ақ көтеріп қыл­ғытып салады.

Аңдар өз көздеріне өз­дері сенбей таңғалысады. Ал алдан­ған аңқау арыстан сөзінде тұрып, “міне, нағыз ер”, – деп қоянды мақтап уәде еткен сыйлықтарды бергізеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp