«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бейнебақылау – барлық бөлімдерде

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысымыздың полиция бөліністеріндегі қыз­мет­тік бөлмелерге бейнебақылау камерала­рын орнату жұмыстары аяқталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыр­күйектегі Жолдауында айқындалған міндеттерді орындау мақсатында бұл жұмыс былтыр қолға алынған болатын. Ішкі істер органдарының әкімшілік ғима­раттарының кабинеттері мен бар­лық учаскелік по­лиция пункттерінде 1192 камера орнатылды. Ап­па­раттық-бағдарламалық кешен бей­не­жазбаны жедел басқару орталығына жі­беруге мүмкіндік бе­реді.

Мұндай формат қызметті ашық етуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жүргізіліп жатқан тергеу әре­кет­терінің ашықтығын қамтамасыз ету, қызмет­тік өкі­леттіктерді асыра пайдалану және ұстал­ған адам­дардың тарапынан арандату фактіле­рінің алдын алу мақсатында аумақтық полиция бөлімшеле­рінің арнайы мекемелерінің барлық бөлмелерінде сыртқы және ішкі бейнебақылау орнатылған. Бұл камералардан түсірілген видео кезекші бөлімше­лердегі мониторда көрінеді, ұс­талғандармен жұ­мыс жүргізетін қызметкерлер­дің ісін бақылау жү­йе­сін жетілдіру ұдайы жүргізі­ліп тұрады. Бұдан бө­лек, арнайы мекемелерде адам құқықтарының бұ­зылуына жол бермеудің және алдын алудағы тиім­ді тетік – ұлттық пре­вентивті механизм өкіл­дерінің арнайы мекеме­лерге баруы, құқық қорғау­шылардың жеке қа­был­даулар өткізуі.

Полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне ша­ғымданушылар облыстық полиция департа­мен­ті өзіндік қауіпсіздік басқармасының 8(7152)61-26-89 телефон нөміріне жүгіне алады. Әр ха­барлама басшылықтың бақылауында болады. Принципті әрі қатаң ұстаным объективті баға­лауға мүмкіндік береді және полиция қызмет­керлерінің тарапынан азаптау немесе өзге де қандай да бір құқық бұзу­шылықтар расталған жағдайда заңнамамен көз­делген барлық ша­ралар қолданылатын болады.

Руслан НАЗАРОВ,

облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp