«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Су асты кереметтері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрлықтағы сияқты, су астында да өмір бар. Ол нағыз тылсым сұлулық­тың көрінісі. Су астындағы керемет­тердің ішінде Үлкен Тосқауыл рифі кездеседі. Ол Австралиялық солтүстік-шығыс жағалауындағы Маржан теңізінде 2000 шақырымға жайылып жатыр, оның түбінде шамамен 10000 маржан жасырынған.

Гидротермалық көздер керемет мекен іздегендер арасында зор қы­зығушылық тудырып отыр. Гидро­тер­ма­лық көздер – жердің бетіндегі, ішінен геотермальды ысытылған су шығаратын жарықшақ. Олар жер бетіне біршама жақын орналасқан, вулкандық белсенділігі жоғары орын­дарда жиі кездеседі.

Қызыл теңіз – су асты өмірінің тағы бір кереметі. Ол Үнді мұхитының Азия мен Африка аралығындағы құр­лықаралық теңіз болып табылады.

Байкал – әлемдегі ең терең көл және ең ірі табиғи тұщы су тоғаны.

Су астындағы өмір туралы айтқан­да, ең ірі сүтқоректі жануар – көгілдір кит еске түседі. Ал “теңіз бағы” деп та­нылған Маржанды рифтер маржан қаңқаларының тым көп шоғырлануы­нан пайда болған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp