«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 26.01.2022

Екі адамның өмірін жалмады

Облыс аумағында жыл басынан 27 өрт оқиғасы тіркеліп, екі адам қаза тапты, зардап шеккендердің біреуі – бала. Об­лыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, тек өткен аптада өңірде 12 өрт тіркелген. Мәселен, Айыртау ауданындағы Янко стансасында жер үйдің мұржасын ерте жабу салдарынан улы газ ауаға тарап, екі адамға иіс тиді. Үйді жалға алып келген 24 жастағы екі …

Екі адамның өмірін жалмады Read More »

Кәсіпорындағы мұражай

“Основание” серіктестігінде тарих­тан сыр шертетін мұражай жұмыс іс­тейді. Алғашқы кезде мұражайға тек құ­рылыс құралдары ғана қойылса, қазір ол жерден өткен ғасырларда тұрмыста қолданылған заттарды да кездестіруге болады. Кәсіпорын қызметкерлері оларға та­рихтың өзі, өткеннің көзі деп қарайды.

Финляндияны жеңді

Нидерландыда өтіп жатқан футзалдан Еуро – 2022 тур­нирінде Қазақстан құрама командасы екінші кездесуінде же­ңіске жетті.

Әлем Кубогының күміс жүлдегері

Жаһандық жарыс қаңтардың 21-і мен 22-сі күндері өтті. Онда дүние­жүзінің аузымен құс тістеген кіл мықтылары бақ сынады. Қазақстан намысын 8 спортшы қорғады. До­даға қатысқандардың қатарында солтүстікқазақстандық Инесса Шу­ме­кова да бар. Ол конькимен жүгіру спорты бойынша күміс медальға ие болды.

КӨҢІЛДІ КЕШ

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда “Татьянин день” атты концерт өтті.

Ревакцинациядан өтуде

“Севказэнерго” акционерлік қоға­мының қызметкерлері ревакцина­ция­дан өтуде. Бүгінгі таңда мұнда үшінші екпені 415 адам алды. Олардың қатарында Петропавл 2-ЖЭО, “Сол­түстік Қазақстан электржелілік тарату компаниясы” АҚ, “Петропавл Жылу Желілері”, “Севказэнергосбыт” серік­тестіктерінің қызметкерлері бар.

ҚЫЗМЕТТЕР КӨЛЕМІ ӨСТІ

Дәрігерлердің консультациялары, КТ, МРТ, рентген және диагностика­лық басқа да қызмет түрлері сақтан­дырылған азаматтарға МӘМС жүйе­сінде емдеуші маманның жолдама­сы бойынша көрсетіледі. Олар үшін қо­сымша ақы талап етілмеуі керек. Егер емхана осы қызметтерді өзі ұсы­на алмаса, онда оны орындау шарты бойынша науқасқа басқа медици­на­лық ұйымда қабылдауды қамтамасыз етуі қажет.

МӘДЕНИЕТТЕ МАМАН НЕГЕ ТАПШЫ?

Мәдениет – ұлттың рухани болмы­сы, халықтың сарқылмас қазынасы. Бү­гінде өркениетті елдер сан ғасырлар­дан жалғасып келе жатқан тарихымен, төл мәдениетімен мақтанып, сол ар­қы­лы басқаға танылуды мақсат етеді. Мәдениеті мәйекті елдің еңсесі де биік. Сол мәдениетті қалыптастыратын ха­лық, соның ішінде бір бөлшегі – өнер адам­дары, мәдениет қызметкерлері. Ауыр жүкті арқалап жүрген өнерпаз­дардың өміріне бір үңіліп көрейікші.

Өмірдің мәні – сыйластықта

Қазақ – бейбіт халық. Жарасымды бірлікті шаңырақтың, отбасының, ел­діктің алтын дің­ге­гіне, темірқазығына балаған. Ұрпағын тату­лыққа, сыйлас­тық­қа әркез үндеп отырған. “Ырыс алды – ынтымақ”, “Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, тө­бедегі келеді” деген секілді сүттей ұйы­ған ұйымшыл­дыққа шақыратын мән­дес сөздер аз емес. Қа­зіргі тілмен айт­қанда, іс-әрекетінен де, кө­ңіл күйінен де, психологиялық мінез-құлқынан да самала …

Өмірдің мәні – сыйластықта Read More »

Экономиканың негізгі тірегі

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалық етуімен ауыл шаруашылығы мекемелерінің алқа отырысы өтті. Жиында өткен жылдағы жетістіктер мен кемшіліктер сараланып, биылға жоспарлар жасалды. Сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі нақты ұсыныстар айтылды.

Делегаттар сайланды

“Nur Otan” партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы саяси кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты. Жиында партияның кезектен тыс XXI съезіне делегаттар сайланды.

ПӘРМЕНДІ КҮРЕС ЖАЛҒАСАДЫ

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың, жергілікті бизнес қауымдастықтың, құқық қорғау органдары жетекшілерінің, партия, қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын талқылауға арналған жиын өтті.

АУЫЛДАҒЫ ФЕРМАЛАР

Қызылжар ауданындағы Березовка және Петерфельд ауылдарында тауарлы-сүт фермалары ашылды. Заманауи кәсіпорындар бір мың екі жүз бас ірі қара малға шақталған. Жобаларды жүзеге асыру үшін іскер жандар мемлекеттің қолдауына жүгініпті. Айналасы бір жылда тұрғызылған өндіріс ошақтарында бүгінде 30-ға жуық адам еңбек етуде.

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР — ҚОҒАМ ҰЙЫТҚЫСЫ

Біздің халқымыздың ықылым заманнан бері қалыптасқан қасиеттерінің бірі – кішіге ізет көрсетіп, жасы үлкенді құрметтеу, оның ақылын тыңдап, сөзіне құлақ асу. Қазақ халқының ел билеу дәстүрінде қалың бұқара мен биліктің арасына көпір қызметін атқарған өз институты болды. Ол игі жақсылары бар ақсақалдар кеңесі еді. Бейнелеп айтқанда, халық – киіз үйдің керегесі, билік – шаңырағы, ақсақалдар …

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАР — ҚОҒАМ ҰЙЫТҚЫСЫ Read More »

Ұлттың асыл мұрасы

Тіл – халқымыздың рухани байлығы, өткені мен болашағы, ұлттың тірегі, Тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, елдігіміз бен бірлігіміздің жалауы. Жамбыл ауданында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге арналған “Тілге құрмет – елге құрмет” челленджі, “Мен қазақша сөйлеймін” акциясы өтті. Түрлі этнос өкілдері де бұл шаралардан тыс қалмады.

Қолжетімді сапалы су

Есіл және Көкшетау топтық су құ­бырларын салу “Nur Otan” партия­сының сайлауалды бағдарламасын­да айтылып, республикалық қазына­дан 10 млрд. теңге бөлінген болатын. Жақында Шал ақын ауданы әкімінің, жергілікті атқарушы органдардың жауапты мамандарының қатысуымен өткен жиында екі жобаның жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Заңнамадағы өзгерістер

2021 жылғы 27 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өнеркәсіптік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” және “Тұтынушы­лардың құқықтарын қорғау туралы” Заңдарына толықтырулар мен өзгертулер енгізілді.

ӘСКЕРДЕГІ ӘКІМ

Қорғаныс министрлігі Отан ал­дындағы борышын өтеу үшін қыз­метінен кеткен ауыл әкімі жайлы хабарлады. Ведомствоның мәлі­метінше, Жалғас Асқар Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауда­нын­дағы Спасовка ауылдық ок­ругі әкімінің міндетін уақытша ат­қа­рып келген. 2021 жылдың көк­темінде ол әскер қатарына шақы­рылған. Жас жігіт азаматтық па­ры­зын өтеуге бірден келісімін бер­ген. Қазір Асқар Жалғас Қапша­ғай­дағы №65229 әскери бөлімде Отан алдындағы борышын …

ӘСКЕРДЕГІ ӘКІМ Read More »

Арақ ішіп, аялдамада ұйықтаған

Облыстық әдеп кеңесінің кезекті отырысында мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын бұзушылық мәселесі қаралды.

БАЛАНЫ ЖАСТАН …

Былтыр жасөспірімдерге қатысты бір мыңға жуық рейд өткізілген. Юве­налды полицейлермен бірге түнгі рейдтерге білім беру, денсаулық сақ­тау органдарының өкілдері, крими­налдық полиция және есірткі қылмы­сына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері қатысады.