«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Арақ ішіп, аялдамада ұйықтаған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық әдеп кеңесінің кезекті отырысында мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын бұзушылық мәселесі қаралды.

Тексеру амалдары көрсеткендей об­лыстық табиғи монополияларды рет­теу департаментінің басшысы Абай Клименұлы Балабековтің алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әкімшілік жауап­кершілікке тартылғаны анықталды. Ол 2021 жылы 8 қазанда кешкі сағат 21:30-да қонақтан шыққаннан кейін автобус аялдамасына келіп, ұйықтап қалған. Оның мас екенін байқаған по­ли­ция қызметкерлері наркология ор­талығына алып барған. Тапсырылған сараптама қорытындысы жеңіл алко­гольдік масаңдықты көрсеткен. Абай Балабековтің аялдамада мас күйде ұйықтап қалуы қоғамдық тәртіпті бұз­ғандық деп танылып, Әдеп кодексінде белгіленген моральдық-әдептілік нор­маларды бұзды, мемлекеттік қызмет­шінің беделіне нұқсан келтірді деп та­нылды. Ол сондай-ақ кодекстің жоға­рыда көрсетілген нормаларын өрес­кел бұзумен қатар департаменттің ақ­параттық сұрауына, түсіндірме беруде адалдық танытпаған.

Бұдан бөлек, департамент басшы­сы 2020 жылы мас күйде көлік құра­лын жүргізгені үшін әкімшілік жауапты­лыққа тартылғанын жасырып қалған. Әдеп кеңесінің мүшелері Абай Бала­бе­ковтің бұл қылықтары Әдеп кодексі нормаларымен еш қабыспайтынын атап көрсетті. Қызметінен босату жө­нінде шешім шығару туралы Ұлттық экономика министрлігіне ұсыным жолданатын болды.

Махаббат САМРАТ,

облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы – баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp