«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

БАЛАНЫ ЖАСТАН …

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Былтыр жасөспірімдерге қатысты бір мыңға жуық рейд өткізілген. Юве­налды полицейлермен бірге түнгі рейдтерге білім беру, денсаулық сақ­тау органдарының өкілдері, крими­налдық полиция және есірткі қылмы­сына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері қатысады.

Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде өткен жылдың қорытын­дысы бойынша кәмелетке толмаған­дар­дың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін олардың 2373 заңды өкілі әкімшілік жауапқа тартыл­ды. Сондай-ақ түнде көңіл көтеру орындарына балаларды кіргізгені үшін 27 кәсіпкерге айыппұл салынды. Кәмелет жасына толмағандарға алко­голь және темекі өнімдерін сатқаны үшін 133 дүкеннің иесі жазаланды.

Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қам­та­масыз ету – ювеналды полиция инс­пекторларының басты міндеті. Бұл жұ­мыс тек полиция мен мұғалім­дерден ғана емес, сонымен қатар балалар­дың ата-аналары тарапынан да бел­гілі бір күш-жігерді қажет етеді. Қазіргі уақытта полицейлердің арнайы есебі­не 150 жасөспірім алынған, олармен құ­қық бұзушылықтардың алдын алу бо­йынша жұмыстар жүргізіледі. Сон-дай-ақ 315 қолайсыз ата-ана есепте тұр.

Айдын БАЙМАТОВ,

облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp