«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Кәсіпорындағы мұражай

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Основание” серіктестігінде тарих­тан сыр шертетін мұражай жұмыс іс­тейді. Алғашқы кезде мұражайға тек құ­рылыс құралдары ғана қойылса, қазір ол жерден өткен ғасырларда тұрмыста қолданылған заттарды да кездестіруге болады.

Кәсіпорын қызметкерлері оларға та­рихтың өзі, өткеннің көзі деп қарайды.

Музейде шамамен осыдан бір ға­сырға жуық уақыт бұрын тұрмыста қол­данылған заттар сақтаулы.

– Осыған ұқсас музейді екі жыл бұ­рын Қызылжар ауданына қарасты Со­коловка елді мекенінде көрдім. Кейін неге осындай мұражай ашпасқа деген ой келді, – деді “Основание” жауапкер­шілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Сер­гей Тимофеев. Оның айтуынша, жәдігерлердің қатарынан орын алған вена орындығы осыдан 100 жыл бұ­рын қолданылған. Оны Сергей Петро­вич ескі үйлерді бұзу барысында та­уып алыпты. Кейін қалпына келтірген екен. Одан бөлек, мұнда сағат, те­лефон, самауырлар, фотоапараттар және тағы да басқа дүниелер бар.

Бүгінде музей жаңа экспонаттармен толығуда. Мұражай дүйсенбі мен жұма күндері аралығында жұмыс істейді.

Нұрбол БАЛҒАБЕКОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp