«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Әлем Кубогының күміс жүлдегері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жаһандық жарыс қаңтардың 21-і мен 22-сі күндері өтті. Онда дүние­жүзінің аузымен құс тістеген кіл мықтылары бақ сынады. Қазақстан намысын 8 спортшы қорғады. До­даға қатысқандардың қатарында солтүстікқазақстандық Инесса Шу­ме­кова да бар. Ол конькимен жүгіру спорты бойынша күміс медальға ие болды.

– Бұл – жасөспірімдер арасында өткен жарыс. Тартысты додада ал­ғашқы медалімді иелендім. Мені­мен бірге ел намысын астаналық қыздар қорғады. Біз жүлде еншілеу үшін барымызды салдық. Жүлде­герлер қатарынан көрініп, Қазақ­станның абыройын асқақтатқаны­мыз­ға қуаныштымыз. Қолдау көр­сеткен жанкүйерлерге алғысымды білдіремін, – дейді әлем Кубо­гы­ның күміс жүлдегері Инесса Шуме­кова.

Қыздардан құралған ұжым ко­мандалық спринтте мәре сызығын екінші болып кесті. Қазір жерлесіміз әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Бұл дода қаңтардың 28-і және 29-ы күндері Австрияда өт­пек.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp