«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

ӘСКЕРДЕГІ ӘКІМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қорғаныс министрлігі Отан ал­дындағы борышын өтеу үшін қыз­метінен кеткен ауыл әкімі жайлы хабарлады. Ведомствоның мәлі­метінше, Жалғас Асқар Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауда­нын­дағы Спасовка ауылдық ок­ругі әкімінің міндетін уақытша ат­қа­рып келген. 2021 жылдың көк­темінде ол әскер қатарына шақы­рылған. Жас жігіт азаматтық па­ры­зын өтеуге бірден келісімін бер­ген. Қазір Асқар Жалғас Қапша­ғай­дағы №65229 әскери бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жатыр.

Жалғас Асқар 2001 жылы Пет­ро­павл қаласында өмірге келген. Қазақ мектеп-гимназиясында бі­лім алған. 9-сыныптан кейін құры­лыс-экономика колледжіне түсіп, заңгер мамандығын меңгерген.

– Колледждегі оқуымды бітір­ген соң Спасовка ауылының әкім­ді­гіне жетекші маман ретінде жұ­мысқа тұрдым. Жақсы нәтиже көрсеткен мені ауылдық округ әкі­мінің міндетін уақытша атқарушы етіп тағайындады. Бірақ менің әс­керге барғым келді. Әуе қорғаны­сы күштеріне шақырылып, сар­баз-атқыш ретінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету ба­тальо­нына түстім. Мен көп нәрсені үйрендім, – дейді Жалғас Асқар.

Нұрила ЕРМЕКБАЙ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp