«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨҢІЛДІ КЕШ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда “Татьянин день” атты концерт өтті.

Санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақтала отыра ұйымдасты­рылған кеште филармония әртістері өнер көрсетті. Алғашқылардың бірі бо­лып Геннадий Брюхановтың жетекші­лігімен эстрадалық және джаз му­зыкасы оркестрі көрермендерді қуантса, “Sensitive” балдық би ан­самблі мен Руслан Мұстафиннің орындауындағы тамаша ән көпшілікті ерекше әсерге бөледі. Концертте Дә­меш Құрманкина, Динара және Асхат Тау­шевтер, Данияр Құстанов, Юлия Стадухина, Медет Ибадуллаев, “Ме­ломикс” тобы, “Туған жер” ансамблі, “Славянки” триосы мен тағы басқа­лары кеш көрігін қыздырды.

– Бұл біздің жаңа жылдан кейін тамашалаған алғашқы концертіміз. Кеш тамаша өтті. Филармония әртіс­терінің орындауындағы шығармалар жан дүниемізді баурап, ерекше әсер­ге бөледі. “Ән көңілдің ажары” деген­дей есті әндерді тыңдап, күйбің тір­ліктен бір сәт демалдық. Алдағы уа­қытта осындай концерттер ұйымдас­тырылса, көрермендердің қатарынан та­былатын боламын, – деді қала тұр­ғыны Мәриям Дәрібаева.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp