«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланды. Басқосу облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы жиын өзегіне алынды. Өңір басшысы өз сөзінде бағдарламалық құжаттың бүкіл қоғам үшін маңыздылығын атап өтті.

«Тұжырымдама сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыруды, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіруді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейтуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіруді көздейді», – деді Құмар Ақсақалов.

Жобаны облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Жарқын Ғалымов таныстырды. Оның пікірінше, парасатты бизнесті қалыптастыру үшін тұжырымдама жобасында көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды ерікті түрде енгізу қажет.

«Бұл келісімшарттардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ескертпелер, компаниялардың бенефициарлық меншік иелерінің ашықтығы, контрагенттердің адалдығын бағалау және ықтимал сыбайлас жемқорлық мәмілелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудиті. Адал жұмыс істейтін компаниялар, біздің ойымызша, қаржылық жағынан көтермеленуі керек. Әрине, тікелей емес, бірақ мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қолдау және т.б. кезінде преференциялар алуға мүмкіндік беру» – деді Жарқын Ғалымов.

Талқылау барысында бизнесмендерге заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауы, пара беруге уәде беру және ұсыну үшін көзделген жауапкершілік шаралары айтылды.

Айта кету қажет, СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі былтыр 83 сыбайлас жемқорлық қылмысын тіркеді, оның 16 дерегі бизнеске заңсыз араласу бойынша. Алайда, кәсіпкерлер тарапынан да заңбұзушылықтар анықталған. Мысалы, 2021 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша жауапкершілікке тартылған 70 адамның 15-і – бизнес субъектілері.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp