«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Финляндияны жеңді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Нидерландыда өтіп жатқан футзалдан Еуро – 2022 тур­нирінде Қазақстан құрама командасы екінші кездесуінде же­ңіске жетті.

Кездесу қарсыластардың шабуы­лы­мен басталды. Бірінші болып есеп­ті де солар ашты. Бірақ Біржан Ора­зовтың голынан кейін нәтиже те­ңесті. Кейін Финляндия тағы бір гол са­лып, алға шыққан. Алайда қақ­па­шымыз Игита алыстан теуіп, есеп­ті қай­та теңестірді. Кейін Арнольд Кнауб Қазақстан құрама­сын алға шы­ғарды. Біржан Оразов Азат Ва­лиу­линнің пасынан кейін әдемі гол со­ғып, дубль авторы атанса, Арнольд Кнауб Эдсонның пасынан кейін есеп­ті 5:2 қылды. Ал матчтың нүкте­сін Азат Валиуллин қойды. Ол Дуг­лас­тың баспен берген пасын қақпаға то­ғытты.

Қазақстан құрамасы 4 ұпаймен топ басында. 28 қаңтар күні сағат 22.30-да Италия құрамасына қарсы ойнайды.

Осы турда Италия мен Сло­ве­ния командалары кездесті. Фа­ворит Италия құрамасы болғаны­мен матч тағы да тең аяқталды. Осыдан соң Италия мен Словения қоржынында 2 ұпайдан бар.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp