«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қолжетімді сапалы су

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Есіл және Көкшетау топтық су құ­бырларын салу “Nur Otan” партия­сының сайлауалды бағдарламасын­да айтылып, республикалық қазына­дан 10 млрд. теңге бөлінген болатын. Жақында Шал ақын ауданы әкімінің, жергілікті атқарушы органдардың жауапты мамандарының қатысуымен өткен жиында екі жобаның жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Есіл топтық су құбырының апатты учаскелерін қайта құру 2021 жылы басталып, қайта қалпына келтіруге 4,650 млрд. теңге қарастырылған. Одан 1 млрд. 50 млн. теңге игеріліп, жер қазу, құбыр тарту жұмыстары атқарылуда. Қайта жаңарту 2023 жылы аяқталып, 11600 тұрғыны бар 36 ауыл сапалы тіршілік көзімен қамтамасыз етіледі.

Көкшетау топтық су құбыры іске қосылса, 200 мың адам тұратын 7 елді мекенге таза су жеткізіледі. Жо­ба құны – 5 млрд. 426 млн. теңге. То­пырақты қалпына келтіру, жер қазу, құ­быр төсеу жұмыстары аяқталды.

Шал ақын ауданы басшылығымен бірлесіп, елді мекендерді сумен жаб­дықтаудың қосымша шаралары белгі­ленді. Жұмыстардың кесте бо­йынша атқарылуын партиялық ба­қылау комиссиясы өз қадаға­лауына алды.

Ерлан АЛПЫСОВ,

облыстық мәслихаттың депутаты, “Nur Otan” партиясы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp