«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫЗМЕТТЕР КӨЛЕМІ ӨСТІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Дәрігерлердің консультациялары, КТ, МРТ, рентген және диагностика­лық басқа да қызмет түрлері сақтан­дырылған азаматтарға МӘМС жүйе­сінде емдеуші маманның жолдама­сы бойынша көрсетіледі. Олар үшін қо­сымша ақы талап етілмеуі керек. Егер емхана осы қызметтерді өзі ұсы­на алмаса, онда оны орындау шарты бойынша науқасқа басқа медици­на­лық ұйымда қабылдауды қамтамасыз етуі қажет.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен денсау­лық сақтауды қаржыландыру көлемі­нің артуы көптеген сұранысқа ие ба­ғыт­тар бойынша медициналық көмек көлемін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Осылайша компьютерлік томография қызметтерінің саны 3 есе ұлғайды. Өткен жылдың қорытындысы бойын­ша науқастарға 747 мың компьютер­лік томография жасалды. МРТ зерт­теулері бойынша өткен жылдың қаң­тар-қараша айларында 554 мың қыз­мет көрсетілді. Дәрігерлер өткізген консультациялар саны да айтарлық­тай өсті. 2021 жылы облыста қымбат тұ­ратын диагностикалық зерттеулер­ден – 9708 КТ, 16327 МРТ жасалды. Оған 309412540 теңге жұмсалды.

Науқасқа кез келген консультация­лық-диагностикалық қызметті емдеу­ші дәрігер тағайындайды. Ол науқас­тың жағдайын, шағымдарын, ауру­дың белгілерін зерттейді. Тиісті көр­се­тілімдер болған кезде дәрігер КТ, МРТ немесе басқа да зерттеулер жүр­гізуге жолдама береді. Қызметті жос­парлы түрде алу үшін науқас сақтан­ды­рылған мәртебесіне ие болуы тиіс, өйткені емхана деңгейінде бұл қыз­меттер МӘМС шеңберінде көрсе­тіледі. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде қызмет көрсе­тетін медициналық ұйым әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен тиісті шарт жасасады және науқас­тар­ға осы қызметтерді ұсыну бойын­ша міндеттемені орындауға тиіс.

2022 жылы медициналық көмекті қаржыландыруға 2,049 трлн. теңге, соның ішінде ТМККК бойынша – 1,2 трлн., МӘМС бойынша – 838 млрд. теңге бөлу жоспарлануда.

Қарлығаш ІЛИЯСОВА,

әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp