«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірде тыңайтқыш қолданылатын алқап көлемі ұлғайтылады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында биыл да 4,3 млн га алқапқа дақыл егіліп, оның шамамен үштен бір бөлігі тыңайтқышпен өңделмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биыл егіс алқабы былтырғы деңгейде қалып, 4,3 млн га пайдаланылмақ. Оның 3 млн га-на дәнді дақылдар, 957 мың га немесе барлық алқаптың 23 %-ына майлы дақылдар, 350 мың га – жем-шөп, 32 мың га – картоп, 6 мың га астамына – көкөніс егілмек.

Ал дақылдардың шығымдылығын арттыру және топырақ құнарлылығын сақтау мақсатында 2,7 млн га алаңда 170 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізу жоспарланған. 2020 жылы 135 мың тонна қолданылса, ал былтыр шамамен 160 мың тонна тыңайтқыш 2,5 млн га алқапқа енгізілді.

Өңделетін алқап саны ұлғайғанымен, бұл жұмысты жүзеге асыратын агроқұрылымдар саны барлық шаруашылықтардың 13 %-ға жуығын ғана құрайды. Яғни облыста 4062 шаруашылық болса, соның 513-і ғана қажетті технологияны қолданады.

Өңір диқандары сұйық минералды тыңайтқыштарды өздерінде өндіру үшін ерітінді тораптарын сатып алып жатыр. Бүгінгі таңда облыста осындай 9 шағын зауыт бар.

Бұдан басқа арамшөптерге, зиянкестер мен өсімдік ауруларына қарсы химиялық өңдеу жүргізіледі. Былтыр 3,4 млн га алаңда тиісті жұмыстар жүргізілді.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp